Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ауған шекарасына Қазақстан әскер жібереді ме — Қорғаныс министрлігі жауабы

    Ауғанстандағы жағдай ушығып кетсе, тәжік-ауған шекарасына қазақстандық бітімгершілік күш жіберіле ме? Бұл сауалға Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев жауап берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолдау мақсатында қандай да бір контингенті жіберу үшін біз бірнеше шарттарды орындауымыз керек. Шарттардың бірі, ең алдымен, ҰҚШҰ елдерінің бірінің практикалық көмек көрсету туралы ресми үндеуі, — деді Дәндібаев.

    Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі деңгейінде шешім қабылданып, оны Парламенттің бекітуі қажет.

    Біздің еліміздің парламентінің рұқсатымен ғана кез келген шектеулі контингент өзінің халықаралық миссиясын орындау үшін жіберіледі. Егер осы шарттар орындалса, біз, тиісінше, халықаралық міндеттемелерімізді орындауға дайын боламыз, — деп нақтылады ол.

    7 шілдеде Тәжікстан билігі ҰҚШҰ-ға мүше елдерден америкалық әскер аймақтан шығарылғаннан кейін Ауғанстанмен шекарада туындаған жағдайға байланысты көмек сұрады.

    қатысты посттар

    2022 жылы Алматыда қоғамдық көлік ақысы көтерілуі мүмкін

    Фариза

    Қызылордалықтар 15 қарашаға дейін емхананы өздері таңдап, тіркеле алады

    Фариза

    Қазақстанда жыныс ауыстыру операциясы тегін бола ма? Министрлік жауабы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.