Әлеуметтік желілерде терезесі толық күңгірттенген полиция автокөлігінің видеосы талқыланып жатыр. Алматы облысы Полиция департаменті оқиғаға түсінік берді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде жарияланған кадрлардан терезесі толық қараңғыланған полицейдің көлігін көруге болады. Видеоны түсіріп тұрған ед адам оған қарай жақындап келе жатқан полицейге ескерту жасайды, ал ол «телефоныңды алшы, жарықты бетке жақпай» деп телефонын қағып жібереді. Кадрлардан полицей ер адамдармен дөрекі сөйлескенін көруге болады. Видео сипаттамасында оқиға Қапшағайда болғаны жазылған.
«Қапшағайдағы заңсыздық, барлығына айыппұл салады, ал өздері көлігін толық қараңғылап алған», — деп жазылған Instagram-дағы 100baksoff_rulit парақшасында.