-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таразда бір күнде бірнеше нысан ел игілігіне берілді

    Таразда қала тұрғындарының тынығуына арналған жаңа орындар ашылуда. Нақтырақ айтсақ, Елорда күніне орай «Таразға тарту» жобасы аясында тағы алты нысан пайдалануға берілді.

    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қолға алынған «Таразға тарту» жобасы шеңберінде облыс орталығындағы саябақтар мен скверлер абаттандырылып, жаңғыртудан өтуде. Жоба бюджет қаражатынан тыс,демеушілер есебінен жүзеге асуда. Бекітілген аумақтардағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы мен бақылаудыоблыстық басқармалар мен департаменттер, аудандық әкімдіктер өз жауапкершілігіне алған.

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев кезекті облыс орталығын аралап, абаттандырудан өткен саябақтар мен скверлермен танысып шықты.

    Еңбек инспекциясы мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары әл-Фараби көшесі бойындағы № 25, 26, 27 көп қабатты үйлердің артында орналасқан аумақты абаттандыруды жүзеге асырған. Саябаққа сәндік тастар төселіп, орындықтар орнатылып, балаларға арналған ойын алаңшасы салынған. Street workout әуесқойлары үшін де арнайы орын қарастырылған.

    — Қысқа мерзім ішінде қараусыз қалған аумақты ретке келтірген облыс басшылығы мен жауапты басқармаға алғыс айтамыз, — дейді тараздық зейнеткер Райымқұл Маханова.

    Сквер аумағында еңбек адамына арналып ескерткіш орнатылған.

    — Бұл ескерткіш түрлі салалардакүнделікті және қажырлы еңбектерімен еліміздің гүлденуіне үлес қосып жүрген өздеріңіз секілді ардагерлердің құрметіне орнатылған. Біз еңбексүйгіштік пен жауапкершіліктің, Еңбек адамына деген  құрметтің бағасын арттыру жолында жұмыс жасайтын боламыз, — деді Бердібек Сапарбаев ардагерлермен әңгіме барысында.

    Дәл осындай жұмыстар жер қатынастары басқармасы мен жер инспекциясының жауапкершілігімен аталған көшедегі №7 тұрғын үйдің іргесіндегі аумақта да жүргізілген. Аумақ көгалдандырылып, жарық шамдары, орындықтар, қоқыс жөшіктері орнатылған.

    — Ауламызда балаларға, жасөспірімдер мен қарияларға уақытымызды тиімді әрі жайлы өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасалғаны қуантады. Жұмысшылар біздің барлық ұсыныс-тілектерімізді ескеріп отырды, — деді қала тұрғыны Айткүл Қосарова.

    Бердібек Сапарбаев ауланы абаттандыруда бей-жай қалмай, белсене атсалысқаны үшін тұрғындарға ризашылығын жеткізді.

    — Барлық нысандар бюджеттен тыс қаражат есебінен салынуда. Біздің мақсатымыз – жамбылдықтардың күш-жігерін ортақтастыру, бірлігіміз бен ынтымағымызды көрсету. Басқармалар, департаменттер, аудандық әкімдіктер бұл бастамаға белсенді атсалысуда. Қазақта «Көп түкірсе-көл», «Теңіз – тамшыдан құралады» деген жақсы сөз бар. Біз барлық мәселені мемлекет шешу керек деп қол қусырып отырмауымыз керек. Көп дүние өзімізге де байланысты. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін, жаңа нысандарды таза және ұқыпты ұстау үшін тұрғындарға да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олай болмаған жағдайда, барлық еңбек зая кетеді, — деді облыс әкімі.

    «Қарасу» каналы жағалауындағы аумақты абаттандырумен дене шынықтыру және спорт басқармасы айналысқан. Мұнда шағын жағажайсалынған. Тұрғындардың өтініші бойынша бұлақ көзі арнайы қоршалған десек, қала тұрғындары оның суының емдік қасиеті бар екенін айтады.

    Сондай-ақ, облыс әкімі «Қаржыгерлер аллеясына» да арнайы ат басын бұрды. Бердібек Сапарбаев қаржы, мемлекеттік сатып алу, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының жұмысын оң бағалады. Мұнда көзге бірінші түсетін дүние – Ұлттық валютаға арналған үлкен ескерткіш. Сонымен қатар, автотұрақ, жаяу жүргіншілерге арналған жол салынған. Одан бөлек суару жүйелері жүргізіліп, гүлзарлар орнатылған.

    Ал, «Тараз-Арена» спорт сарайының маңында жаяу жүргіншілер және велосипед жолағымен қамтылған спорт қалашығы тұрғындар игілігіне берілді. Аталған аумақ энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі, құрылыс, МСҚБ басқармаларының жауапкершілігімен жүзеге асқан.  Спорттық тренажерлар, ұлттық нақыштағы кішігірім архитектуралық формалар, энергия үнемдеуші жүйедегі жарық шамдары өзара үйлесім тапқан.

    Мұнда Айша-Бибі ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті.

    қатысты посттар

    Шымкент: Әлеуметтік көмекті қажет ететін 20 150 отбасының балалары компьютермен қамтылған

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ «БОЗАРЫҚ» ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ ҚҰРЫЛАДЫ

    Фариза

    Шымкент: 2 700-ден аса дәрігер алдыңғы шепте коронавируспен күресуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.