-2.6 C
Алматы
Пятница, 27 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында әйел өзінің шешесін өлтірген

    Алматы облысында қызы туған шешесін өлтіріп, жерқоймада жасырған. Қылмысты ол мас күйде жасаған, — деп хабарлайды Qazweek.Kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Іле аудандық ПБ кезекші бөліміне 77 жастағы ер адам әйелінің мәйітін жерқоймадан тапқанын хабарлаған.

    Оқиға орнына аттанған жедел тергеу тобы егде жастағы әйел күйеуімен бірге тұрғанын, ал 57 жастағы қызы времянкада тұрып келген. Ол мәйіт табылған сәтте мас болған. 

    Ол есін жиғанда тергеушілер оқиға орнында өлтіру құралы мен бірнеше дәлел барын айтқан. Әйел шешесін өлтіріп, мәйітін жасырғанын мойындаған.

    Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген. Тергеу жүріп жатыр. Күдікті сот тергеуі кезінде қамауда болады.

    қатысты посттар

    Генерал-майор Талғат Нұрмағамбетов қайтыс болды

    Фариза

    Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңгеге өтініш қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

    Фариза

    «Балалар мені «тесіліп қалғансың» деп мазақтайды…» — 14 жастағы баланы жоғарғы сынып оқушылары ұзақ уақыт бойы зорлаған

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.