-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Досын көлікпен сүйреген түркістандық жастар өз әрекетін түсіндірді

    Түркістандық жастар qaznet-ті әбден шулатты. «Қызықты» видео үшін жанқиярлық әрекет жасаған. Досын көлігіне арқандап, жол бойы сүйрепті. Бейәдеп әрекет жасағандар енді жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

    Елордалық екі жасөспірім әлеуметтік желідегі трендті қайталаймын деп жаза арқалай жазды. Олар аулада тұрған көліктің дөңгелегіндегі қалпақшасын ұрлаған. Бірақ бұл, лайк пен пікірге құмартқандардың арасында тіркелген бірінше жағдай емес. Доңғалақ қалпақшасын ұрлаған 12-13 жастағы қос жасөспірім табылды. Бірақ жазадан оңай құтылып кетті. Көліктің иесі шығын аз болғандықтан, арыз жазудан бас тартқан. Есесіне, телефондағы әрекетті қайталап желі «жұлдызына» айналғысы келген түркістандық жастардың ата-анасы ескерту алды. Егер, іс сотқа жолданғанда ауырлық тағы да ата-анаға түсер еді. 10 тәулікке дейін қамалады немесе 60 мың теңгеге жуық айыппұл төлейді.

    Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

    Ата-аналарға айтатынымыз: бұл трендті жалғастырмас үшін үйде әңгімелесу жұмыстарын жүргізулерін сұраймыз. Сонымен қатар, егер қасақана осындай әкімшілік құқықбұзушылық жасаған жағдайда, кәмелетке болмаған балалардың ата-аналарына ҚР ӘҚК 127-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік жаза қолданамыз.

    Сәннен қалмайын деген жеткіншектер тек Нұр-Сұлтанда ғана емес. Көліктің дөңгелегіндегі қақпақты қолды етудің 2 жағдайы Алматыда да тіркелді. Ал бұл кадрда Түркістанның «еркіндік сүйгіш» жастары ойрандап жүр. Құдды мал өлексесін тартқандай, автокөлікке адам байлап сүйреген. Жүргізуші жауапсыз қалмады. Әлеуметтік желідегі жастардың ессіз әрекетін полицейлер анықтап, шұғыл шара көрді.

    Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

    «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол жүрісі қағидаларында көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау» және 606-баптың «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» бойынша хаттама түзілді.

    Тергеу барысында бұл достар арасындағы оспадарсыз ойын екені анықталды. Оны өздері бейнежазбаға түсіріп жан-жаққа таратқан. Қайдан білсін ақыр соңында жаза арқалайтындарын. Ақыр-соңында жас жігіттер жасаған әрекеттеріне өкініп, енді қайталамаймыз деп жерлестерінен кешірім сұрады.

    Түркістан қаласында машина сүйреткенім үшін Түркістан халқынан кешірім сұраймын. Себебі Түркістан халқы дұрыс түсінбей қалыпты. Ол жерде ешкім жарақаттанған жоқ. Және де ешкімнің кінәсі жоқ. Оны өз еркіммен жасадым яғни, сондай видео түсіргім келді, — дейді ол.

    Психологтардың пайымынша, аса қауіпті әрекеттерді қайталаудың соңы жақсылыққа жетелемейді. Таяз ойлап, ақша табудың оңай жолы мен кез келген дүниені сайқымазақ ету жастардың санасын улайды дейді. Тағы бір себеп — назардан тыс қалғандар аяқ астынан «жұлдыз» болғысы келеді. Мамандар, мұндай қауіпті трендтерге қоғам тарапынан шектеу қойған жөн деп санайды.

    қатысты посттар

    42 500 теңгені заңсыз алғандар жәрдемақыны Үкіметке қалай қайтара алады?

    Фариза

    Полицей өзіне қол жұмсамақ болған үш баланың анасын құтқарды

    «Неше бала дүниеге әкелдіңіз, нешеуі тірі». Бюро басшысы бұл сұрақтың санаққа неге қосылғанын түсіндірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.