Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    «Дельта-штамм» Ухань вирусынан екі есе жұқпалы — ДДСҰ

    «Дельта штамы» бастапқы SARS-CoV-2 коронавирусымен салыстырғанда екі есе жұқпалы (жұқпалы аурулардың ауру организмдерден сау организмдерге жұғатын қасиеті), деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасап.

    Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас ғалымы Сумья Сваминатан бейсенбіге қараған түні сұрақ-жауап сессиясында хабарлады.

    Оның айтуынша, «үнді» штамм қазір 85-тен астам елде тіркелген.

    «Дельта штамының» таралу жылдамдығын ескерсек, басқа штамдарды басып озып, ол әлемдегі доминант штамға айналуы мүмкін, — деді Сваминатан.

    ДДСҰ сарапшысы вирустың бұл түрі бастапқы вирусқа қарағанда кем дегенде екі есе оңай берілетіндігін, сондықтан «бір адам екі емес, төрт, алты, тіпті сегізге жұқтыруы мүмкін» деп түсіндірді. Осыған байланысты ол қазіргі кезде пандемияның басталуымен салыстырғанда барлық отбасы мүшелері ауыратын жағдайлардың көп болатындығына назар аударды.

    Коронавирустың үнді штамы Үндістанда өткен қазан айында табылды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, маусымның ортасына қарай ол 90-нан астам елде табылған, инфекцияның жоғары деңгейі және кейбір шектеулерден бас тарту оның жылдам таралуына әкеліп соғып жатыр.

    Ұйым сарапшысы Мария ван Керхове, алдын-ала мәліметтер бойынша, «дельта штамы» аурудың ауыр ағымының қаупін арттыратынын нақтылады. Алайда, жаңа штамның басқаларға қарағанда бірден өлімге әкеліп соқтыратындығы туралы ешқандай дәлел жоқ.

    қатысты посттар

    Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

    Фариза

    Бекшин коронавирустың төртінші толқыны туралы мәлімдеме жасады

    Фариза

    Мақтаарал ауруханаларында Сovid-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.