6 C
Алматы
Среда, 6 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдағы сауда желілеріне өнімдер делдалдарсыз жеткізілуде

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы тоқталып өтті.

    Соңғы уақыттар еліміз бойынша азық-түлік бағасы күрт құмбаттап кеткендігі белгілі. Соған байланысты еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бағаларды тұрақтандыру жөнінде тапсырма берген болатын. Аталған жағдайға байланысты Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев істі тез арада қолға алып, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан шаралар жөнінде айтып өтті.

    Оның айтуынша, бүгінде облыста тұрақтандыру қорының өнімдері төмендетілген бағамен сатылатын 29 әлеуметтік дүкен жұмыс жасауда. Осы жылы тағы сондай 12 дүкен ашу жоспаланған.

    Бұл орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде жүзеге асып жатқан «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасының маңызы зор. Аталған жоба үшін 1 миллиард теңге бағытталған.

    Аталған жоба аясында азық-түлік тауарларын сатып алуды тұрақтандыру және қамтамасыз ету мақсатында төрт сауда желілері анықталып, онда делдалдарсыз 2 сүт фермасы, құс фабрикалары және 2 500 жеке қосалқы шаруашылықтардың, 14 жеке кәсіпкерлердің, 17 шаруа қожалықтардың сондай-ақ 22 кооператив өнімдері жеткізілуде.

    Бүгінге дейін, сауда желілері арқылы 5,8 мың тонна азық-түлік тауарлары және 4 миллион жұмыртқа сатылды.
    Нәтижесінде қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 20-25 пайызға өсті, азық-түлік тауарларының бағасы орта есеппен 10-20 пайызға төмендеді.

    Бес ай ішінде облыста 42 ауылшаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өткен. Онда барлығы 460 млн теңгенің 1104 тонна ауылшаруашылық өнімі өткерілген. Өнімдер нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен бағамен сатылды.

    Алдағы уақытта азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар тағы да оң бағасын беруі үшін жұмыс жасайтындығын жеткізді өңір басшысы. Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатын жасалынып жатқан жұмыстар мен жобалардың, бюджеттен бөлінген ақшаның зая кетпеу керек екендігін жеткізді Бердібек Сапарбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

    қатысты посттар

    Жамбылға Vero Cell вакцинасының 20 мың дозасы жеткізілді

    Фариза

    Қызылорда қаласында егінге алғашқы орақ түсті

    Фариза

    Жамбылда егін орағы жүріп жатыр

    Пікір қалдыру

    twelve − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.