17 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Тоқаевтың тапсырмасынан кейін екі әкім қызметінен босатылды

    Мемлекет басшысы биылғы 24 мамырда «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үй сапасының нашарлығы туралы сөз болған.

    Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша мақалада келтірілген деректер расталды.

    «Үкімет пен облыс әкімдігі анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарымен айналысуда.

    Аталған бағыттағы ұйымдастыру жұмыстарында олқылықтарға жол бергені үшін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды», – деп жазды ол.

    Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі облыстық басқарманың басшысы, сондай-ақ, бес ауданның әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

    қатысты посттар

    Қазақстанда жер беруге 5 жылдық тыйым енгізіледі

    Фариза

    Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады

    Фариза

    “Бюджетте ақша жоқ деп отыра бермек” Ерлан Смайлов Еңбек министрлігін сынға алды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.