4 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

    ​Бүгінгі таңда отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу маңызды мәселеле болып табылады. 

    ​ Бұл ретте ағымдағы жылдың 09 – 16 маусым аралығында облыс аумағында «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Өйткені зорлық-зомбылықтың өзі жәбірленушінің құқығын бұзып қана қоймайды, өсіп келе жатқан жастарға жағымсыз  үлгі болып табылады.

    ​«Өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараның 3 күнінің қортындысы бойынша  отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы 198 құқық бұзушылық анықталды, барлық фактілер бойынша құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды.

    «Қорғау нұсқамасын» шығару «құқықбұзушының мінезіне ерекше талап қою» тұрмыстық зорлық-зомбылық  профилактикасының қажетті шараларыболып табылады. Бұл мерзімде құқық бұзушыға отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық  жасауға тыйым салынады. Аталған талапты бұзғаны үшін құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту қарастырылған» – деп ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ә.Өтепов  көрсетті. 

    ​Қажет болған жағдайда жәбірленушіге уақытша паналау үшін Оңалту орталығына жолдама беріледі. 

    ​ Полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық мәселесі бойынша 4 Оңалту орталығымен  тығыз өзара қарым-қатынас орнатқан. Оңалту орынына жеткізілген жәбірленушілерге психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетіледі.

    Заң нормалары мен әдепке қайшы іс-әрекеттері үшін құқық бұзушы азаматтар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73 бабымен 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасына тартылуы мүмкін екендігін түсінуі, ал жәбір шегушілер құқық қорғау органдарына тез арада хабарлауы қажет.

    Ал егер, азамат қол жұмсап жеңіл, орта немесе ауыр дәрежедегі денсаулыққа зиян келтірсе, ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің нормаларына сай қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

    Осыған орай, отбасының әрбір мүшесі өзінің үй ішіндегі болып жатқан зорлық-зомбылық жайында құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлап, құқықбұзушыға заңды шара қолданылса, мұндай жағдайлардың болашақта қайталанбауы үшін алдын алу жолы болары анық.

    қатысты посттар

    Шымкентте 12 шағынауданда сапалы жарықпен қамтитын подстанция салынуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ АЙДА 48 МИЛЛИОН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ

    Фариза

    Жамбылда апта сайын шөп жәрмеңкесі өтуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.