-11.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстандық полицейлер енді аяғына кроссовка киеді

    Елімізде полицейлер енді аяғына кроссовка киеді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.                        

    «Біз жыл соңында көшеде жүретін учаскелік инспекторлар мен патрульдік полицейлерге жаңа форма кигіземіз. Ол сынақтан сәтті өтіп, өте ыңғайлы екенін көрсетті. Көшеде қызмет атқару үшін жаңа элемент – кроссовка, берцы түріндегі аяқ киім енгізіліп отыр. Өйткені халықпен тығыз жұмыс істейтін тәртіп сақшыларының киімі ыңғайлы болуы тиіс», — деді Ерлан Тұрғымбаев.

    Жаңа формада түнгі уақытта алыстан көріну үшін көзге шағылысатын элементтер де қарастырылғанын атап өтті.

    Министрдің айтуынша, алдағы екі жылда еліміздің барлық полицейлері жаңа форма киеді. 

    қатысты посттар

    ІІМ: «Сотталған адамдар шешіммен келіспесе, прокуратураға жүгінсін»

    Фариза

    Ғабидолла Әбдірахымов: Мен өлген жоқпын ғой!

    Арал ауданында кальциленген сода өндіру зауыты салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.