26.9 C
Алматы
Пятница, 6 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық Қоғам

    Қостанай облысында білім бөлімінің бастығы асылып өлді

    Қостанай облысы Меңдіқара аудандық білім бөлімінің бастығы Қалыбек Жүгінісов өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    «ТоболИнфо» дерегінше, қайғылы оқиға бір күн бұрын Боровское ауылында болған. Қалыбек Жүгінісов 2 аптаға жуық үй қамауында болған, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілген екен. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. 2 маусымда әйелі Қостанайға кеткенде ол үйде жалғыз қалып, кешке туыстары оны асылып қалған күйінде тапты.

    Қалыбек Байжанұлы Қызылорда облысының тумасы, Арал қаласынан шыққан. Ол 2015 жылы Қостанай облысына келіп, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары қызметіне орналасты. Үш жыл бұрын ол аудандық білім бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Біздің ұжым оны қатты құрметтейтін. Өте жауапты адам болатын. Біз оның отбасына қайғыра көңіл айтамыз, — деді Меңдіқара аудандық білім бөлімінің бастығы мінетін атқарушы Азамат Жанайдаров.

    Қалыбек Жүгінісовтің зейнетке шығуына үш жыл қалған еді. Оның артында әйелі мен үш ересек баласы қалды.

    Марқұм Қызылорда облысында жерленеді.

    қатысты посттар

    Жоғалып кеткен қыз қараусыз үйден табылды. Қасында 55 жастағы еркек болған

    Фариза

    “Халық жайдан-жай ашуға берілмейді“ Пәтерге екі рет кіріп “СОБР” таба алмаған педофилді халық өзі тапқан

    Фариза

    Bek Air басшысы билет ақшасын қашан қайтаратындарын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.