-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Мәдениет және шоу-бизнес

    Депутат қаржы пирамидаларын жарнамалайтын танымал адамдарды жауапқа тартуды ұсынды

    Мәжіліс депутаты Юрий Ли Қазақстан азаматтарының қаржы пирамидаларының құрбаны болуына танымал адамдардың жарнамасы да әсер етіп жатқанын айтты. Депутаттың дерегінше, соңғы бір жыл ішінде қаржы пирамидаларына қатысты 287 құқықбұзушылық тіркелген және келтірілген шығын мөлшері — 8,5 млрд теңге.

    «Жарнамаға вайнерлер, блогерлер және басқа да танымал адамдар белсенді қатысып, заңсыз бизнеске инвестиция салуға шақырған. Білуімізше, қазір сол танымал адамдар өздері де алданғанын, қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың құрбаны болғанын айтады, — деді депутат Ли.

    Депутат алаяқтардың құрбаны болған мыңдаған адам мен миллиардтаған шығынды есепке алып, бұл жағдай әлеуметтік шиеленіс ошақтарын туғызатынын айтты. Сондай-ақ депутат Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке жүгініп, заңсыз бизнеске инвестиция салуға атсалысқан танымал адамдарды жауапқа тартуды ұсынды.

    «Қаржылық пирамидалардың жарнамасына қатысқан жұлдыздардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын не тартылмайтынын, егер тартылмаса қандай себеппен екенін хабарлаңыз, Бас прокурор Нұрдәулетов мырза!», — деді депутат.

    Еске сала кетейік, 17 мамырда Алматыда Баян Алагөзова жарнамалаған қаржы пирамидасының басшысы ұсталды. 

    Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

    қатысты посттар

    «Менің өз билігіме түкіргенім бар, біз Ресейге қосылмаймыз!» — Президент

    Министр: Қытайдағы «қайта оқыту» орталықтарында қазақтар жоқ

    Фариза

    Ғабидолла Әбдірахымовтың қызметінен кеткені жайлы айтылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.