-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Сәкен Сейфуллиннің келіні коронавирустан қайтыс болды

    Жазушы Ғабиден Мұстафинның қызы, танымал аудармашы Майя Мұстафина 81 жасына қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    25 мамырда кешке Майя Мұстафина коронавирустан қайтыс болды. Ол биыл 2 мамырда 80 жасқа толған.

    «Өте көп жұмыс істегеніне қарамастан, бізге керемет ана болды. Не істесе де отбасына жеткілікті уақыт бөлетін. Жануарларды қатты жақсы көретін еді. Белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданды. Ол көпшілікті жақсы көретін еді», — деді марқұмның қызы Тоғжан Сейфуллина.

    Мустафина Майя 1941 жылы 2 мамырда жазушы Ғабиден Мустафин мен Зейне Мустафинаның отбасында дүниеге келген. Жалынды ақын, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған інісі — Мәжит Сейфуллиннің ұлының (Амангелді Сейфуллин) жары.

    30 жыл бойы Алматы қаласындағы қазіргі ҚазХҚ және ӘТУ шет тілдер кафедрасында сабақ берген.

    80-жылдардың соңынан ҚазКСР мұражайында (қазіргі Орталық мемлекеттік музей) жұмыс істеді. 90-жылдардың басынан ортасына дейін БУИГ француз фирмасында аудармашы болып жұмыс істеген.

    «Ол республикадағы француз тілі саласындағы үздік мамандардың бірі болды. Оның көп оқушысы жоғары лауазымдарға ие. Олар: дипломаттар, педагогтер және саясаткерлер», — деді ол.

    қатысты посттар

    Дезинфекция жасаушылар есепке арналған «әдемі» суретке әлек болып жүргенде, Қазақстанды коронавирустың ошағына айналдырып жібермек

    Фариза

    Коронавирусты анықтайтын тестті тегін тапсыруға болады. Ол үшін не қажет?

    Фариза

    Мемлекет басшысы үкіметке бір ай уақыт берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.