9 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Перудағы Димаштың фан-клубы әншінің 27 жасына орай тосын сый жасады

    Перудағы Димаштың фан-клубы танымал Inca Son анд тобымен бірге «Daididau Andino Project» жаңа жобасын ұсынды. Аңызға айналған қазақ әні әншінің 27 жасына орай Перу халық аспаптарында дыбысталып, ойналды. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі dimashnews.com порталына сілтеме жасап.

    Бірнеше ай бұрын Dimash Kudaibergen Peru World фан-клубы қазақстандық орындаушының туған күніне орай осы жобаны ойластырды. Димаш үшін «Дайдидау» әні қаншалықты маңызды екенін біле отырып, оның жанкүйерлері Перудің халық аспаптарымен әйгілі композицияның дыбысталуына үлес қосты. Фан-клубқа әннің дыбысталуына танымал анд тобы Inca Son көмектесті.

    «Бұл қазақ – перу музыкалық фьюжні Димашқа, оның музыкасы мен халқының мәдениетіне жақындауға мүмкіндік берді. Оның арқасында географиялық жағынан алыс екі халық бір-біріне жақындасты. Музыка бастапқыда халықтың тарихымен байланысты, бұл оның дүниетанымының бөлігі. Біз «Дайдидауды» талдаған кезде Қазақстан мен Перу халықтары арасындағы сөзсіз музыкалық және мәдени ұқсастықты анықтадық», – деп түсіндірді Dimash Kudaibergen Peru World.

    Нәтижесінде «Дайдидау» пан-флейтада шырқалды, шаранго аспабы домбыраны алмастырды, кена сыбызғы рөлін атқарды, ал инктердің барабаны болып саналатын тинья қазақ дауылпазын алмастырды. Осылайша, Перудің музыкалық аспаптары андтың ерекше дыбысында «Дайдидаудың» сұлулығын көрсетті.

    «Дайдидауды» тыңдаған кезде біздің генетикалық жадымыз өткенге тамыр жайған сияқты. Бұл керемет қазақ композициясы халықтың қайғы–қасіреті мен махаббаты бізге ежелгі Перу музыкасын, тарихымызды еске салады», – деді Dears.

    Перудің халық аспаптарында дыбысталған «Дайдидау», Перуан Андында түсірілген және Димаштың BASTAU концертіндегі композицияны орындаған ресми бейнесіндегі үзінділермен толықтырылған бейнебаянда ұсынылған. Перулік суретші Фернандо Барриал жобаға перу-қазақ музыкалық және мәдени бірлігін бейнелейтін «Димаштың туған күніне орай «Дайдидау» анд жобасы» атты сурет салды.

    қатысты посттар

    Төсін жалаңаштаған депутат: Маған үйленетін адамның табысы жарты миллионнан кем болмауы керек

    Димаш Құдайберген татар қызына ән арнады

    Фариза

    «342 ай — алдаумен өтіп, жоғалған уақыт» — билік жүйесін сынға алған жаңа ән

    Пікір қалдыру

    2 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.