2 C
Алматы
Среда, 13 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Қызылордада бюджет қаржысын талан-таражға салған шенеуніктердің үстінен іс қозғалды

    Қызылордада Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірнеше қызметкеріне аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Департамент мамандары аса ірі көлемде инвестициялық субсидия қаражатын талан-таражға салып, әрі қарай жымқыру дерегі негізінде жұмыс жүргізуде. Бұл бойынша облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс тергелуде.

    «Облыстық ауылшаруашылық басқармасының бірнеше лауазымды тұлғасы өздерінің қызмет бабын пайдана отырып келеңсіз жағдайларға жол берген. Облыс аумағында 2019-2020 жылдарға арналған бірнеше жоба бойынша инвестициялық субсидия қаражатын үлестіру барысында бірнеше кәсіпкерлік нысандарымен келісімге келген. Сол арқылы аса ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салып, жымқыруды жүзеге асырған. Аталған қызметкерлер бірқатар шаруа қожалықтарында ешқандай жұмыс атқарылмаса да, жабдықтар мүлдем қойылмаса да, олардың толық орындалғаны туралы жалған хаттама толтырып, оған қол қойған. Жүргізілген сот-құрылыс сараптамалары негізінде бірнеше шаруа қожалықтары бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 26 млн 792 мың теңгені құрап отыр», — деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің баспасөз қызметі.

    Ведомсто мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша мұндай қылмысқа жол берген азаматтар белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына шектеліп, оларға жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

    қатысты посттар

    Жыл басынан бері вакцина паспортын сату мен ПТР-тестті қолдан жасауға қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ

    Фариза

    Қайрат Сатыбалды өзіне тағылған айыпты мойындады

    203 млн теңге: Маңғыстауда күдіктілер қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.