-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    БҚО-да мектеп директоры педофилия туралы хабарламағаны үшін 4 жылға сотталуы мүмкін

    БҚО-да Жаңақала ауданындағы мектеп-гимназия директоры мектеп оқушысына өгей әкесі тарапынан жасалған жыныстық сипаттағы әрекетті біле тұра, жасырғаны үшін айыпталды. Ол қызметінен босатылып, үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz порталына сілтеме жасап.

    2019 жылы Жаңақала ауданының тұрғыны Жақсыбай Сұлтанов 10 жасар өгей қызына (қазір қыздың жасы 12-де) қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады дген күдікке ілініп, былтыр 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Енді жәбірленген қыз оқыған мектеп-гимназияның директоры Лариса Қожахметова ҚР Қылмыстық кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Тергеу ісі бойынша, мектеп директоры мен мұғалімдер бұл оқиға туралы біле тұра құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

    «Сот отырысы барысында Лариса Қожахметованың кінәсі толық дәлелденді. Ол Жақсыбай Сұлтановтың қызға қатысты сексуалдық сипаттағы жасаған әрекеті (бес рет) туралы білді. Соттан Лариса Қожахметованы Қылмыстық кодекстің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тануды және оған төрт жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұраймын», — деді айыптаушы Орынтаев.

    Күдіктінің адвокаты Айслу Биялиеваның айтуынша, айыптау тек жәбірленуші қыздың сөзіне негізделген және кез келген мұғалім бұл жағдайға тап болуы мүмкін.

    «Мектеп директорын демалыс кезінде мектептен тыс уақытта жасалған қылмыс үшін жауапқа тартқалы жатыр. Тергеу барысында қыз 2019 жылдың сәуірінде Жаңақала мектеп-гимназиясының мұғалімдеріне анасының азаматтық некедегі күйеуі қысым көрсеткенін хабарлағанын айтты. Полиция директор мен мектеп-гимназияның тағы төрт мұғалімінен жауап алды. Олар қыздың сөзін толығымен жоққа шығарды. Олар айғақтарын сотта да растады», — деген адвокат мектеп директорына қатысты жазаны жеңілдетуді сұрады.

    қатысты посттар

    Шымкентте 11 елді-мекенге ауыз су жүргізіледі

    Фариза

    Қазақ қыздары етегін көтеріп жүр, ал ұлдарымыз ар-намыссыз» «Жабайы Арман» жастарға үндеу жасады (видео)

    Фариза

    Түркістанда әкімнің балалары қоғамға ортақ стадионды жекеменшікке айналдырып алған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.