Пятница, 13 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Ақтоты Райымқұлова отставкаға қашан кететінін айтты

    Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте журналистерге өзінің отставкаға қашан кететіні жөнінде айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап. 

    «Министрдің қарамағында жұмыс істеген орынбасар Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, Райымқұлова отставкаға кетуге дайын ба?» деген сұраққа министр былай жауап берді: 

    «Конституцияға сәйкес кінәсіздік презумпциясы бар деп айтқым келеді. Ең алдымен, кінәні дәлелдеу керек. Егер кінә дәлелденсе, онда, әрине, заңға сәйкес, мен отставкаға кетемін. Бірақ, бұл кінә дәлелденген жағдайда», — деп қайталады Мәдениет министрі. 

    Еске салайық, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың ұсталғаны туралы ақпарат 22 ақпанда тарады. Шенеунік букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсетті және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді. 

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    қатысты посттар

    Вакцина алмаған қызметкерлерді жұмысқа жібермеуге міндетті нысандардың тізімін жариялады

    Фариза

    «Шыңжаңдағы лагерьлерде қазақтар қамауда отыр» деген ақпарат жалған — Қытай елшісі

    «Қайдағы ерлік» Қытай елшісі Сайрагүл Сауытбайды отанына опасыздық жасаған сатқын деп атады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.