Желіде қарияны бір әйел ұрып жатқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан келіншек кейуананы самокатпен ұрғанын көруге болады. Кейін анасына қол көтерген әйелдің халықтан кешірім сұраған видеосы жарияланды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
Әйел қарияны ұрып жатқанын ер адам көлігінде отырып түсіріп алған. Әйел оны алдымен иығынан самокатпен, кейін арқасынан жұдырығымен ұрады. Қарт кісі оған жауап қатпай, кетіп қалады. Видеодан әйел оған айғайлап жатқаны да естіледі. Оның бұлай ашулануына не себеп болғаны белгісіз.