-11.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    Қазақстанда жұма намазын оқуға рұқсат берілді

    Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы 3 мамырдан бастап күшіне енді

    Қазақстанда 3 мамырдан бастап жұма намазын ашық ауада оқуға рұқсат берілді. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында жазылған.

    Қаулыға сәйкес, елдегі мешіттер аумағында жұма намазын оқуға рұқсат беріліп отыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik порталына сілтеме жасап.

    «Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу маска режимі мен бір адамға кемінде 4 метр есебінен әлеуметтік арақашықтық сақталған кезде жүзеге асырылады», — делінген қаулыда.

    Қаулы 3 мамырдан бастап күшіне енді.

    Айта кетейік, 2021 жылы Рамазан айы 13 сәуірде басталды. Қасиетті ай 12 мамырға дейін жалғасады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні.

    Рамазан айы басталған күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады. Кездесу барысында президент көпшілікті сабырға шақырып, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталатынына, мешіттердің толық ашылатын күні алыс емес екеніне сенім білдірген болатын.

    қатысты посттар

    «Мен ары қарай тығыла алмаймын, мен Махдимін» Әйел өзін Мұхаммед Пайғамбардың ізбасарымын деп таныстырды

    Фариза

    «Халықты діннен бездіруге сенің қандай хақың бар?!» Белгілі дінтанушы Тазабековті сынның астына алды

    Фариза

    Тазабеков мектептерде дәріс оқуға тиым салған Білім министріне жауап берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.