-8.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкентте көпбалалы аналар әкімдік ғимараты алдына түнеді

    Шымкентте көпбалалы аналар, қала әкімдігі ғимаратының алдына түнеп шықты. Топтасқандардың айтуынша, олар мұнда сәрсенбінің таңынан бері жүр. Талаптары — шаһар басшысымен жолығу. Араларында аяғы ауыр келіншек, тіпті төрт айлық баласын қолына ұстағаны да бар, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

    Пәтерден пәтерге көшіп шаршадық дескендер баспана кезегі жеткенше уақытша паналайтын орын тауып беруді сұрайды.

    Раушан ЖАНАРОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

    — Менің кезегім жақындап тұр. Бірақ пәтер дайын емес. Қазір 20 шаршы метр жерде сегіз адам тұрып жатырмын мысалы. Бізді бес-алты баламен ешкім пәтерге алғысы келмейді, балаң көп деп. Сондықтан уақытша баспана берсінші. Әкімдіктің балансында бос пәтерлер барын білеміз ғой.

    Гүлзада ДУТБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

    — Неғып жүрсіңдер, талаптарын не деп сұрап жатқан ешкім жоқ. Ешкім тыңдамағасын тұрмыз, міне. Мен өз басым балалар үйінің тәрбиеленушісімін. 1998 жылдан бері әлі баспана алмағанмын. Бес балам бар. 2006 жылы бірінші рет үй кезегіне тұрғанда журналға қолмен жазатын. Оны жоқ қылды. 2014 жылы қайтадан тұрдым кезекке. Бірақ әлі бұйыратын түрі жоқ.

    Көпбалалы аналардың талабын тыңдаған жауапты сала өкілдері, шаһарда баспана кезегіне тұрушылардың артқанын алға тартты. Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары көпбалалы аналарға жуырда106 пәтер берілгенін айтты. Жыл соңына дейін жалпы 444 пәтер тапсырылмақ екен. Ал уақытша баспана беру деген заңда жоқ деді.

    Абылайхан БАЛЫҚБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

    — Тұрғын үй қатынастары заңы бойынша уақытша баспана көзделмеген. Оны біз бере алмаймыз, тек кезек ретімен ғана тұрғын үй мәселесі шешіледі. Қазіргі таңда әлеуметтік әлсіз топ жағынан 2012 жылдың май айынан тұрған азаматтарды енді қамтып жатырмыз.

    қатысты посттар

    Шымкентте 200 отбасына планшет таратылды

    Фариза

    Жылқыны көлікпен аяусыз таптаған қаскөй жұрттың ызасын келтірді 

    Қазнетте «маскадағы құрттарды өлтіру үшін» сутегінің асқын тотығын ішу керегі айтылып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.