-0.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Қытайлық вакцина Қазақстанда алдымен кімге салынады: Министрлік түсініктеме берді

    «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына кіретін компаниялардың қызметкерлері коронавирусқа қарсы Hayat Vax (Vero Cell) вакцинасын салдыра алады. Қытайлық екпе Біріккен Араб Әмірліктерінде шығарылған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, «Самұрық-Қазына» қоры қытайлық вакцинаның бір миллион дозасын сатып алған.

    Оны қытайлық «Sinopharm» компаниясы «Vero Cell» атауымен жасаған. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінің соның негізінде «Hayat Vax» вакцинасын шығарғаны белгілі болды.

    «Sinopharm» компаниясы жасаған вакцина бірыңғай дистрибьютордың («СК Фармация») хабтарына жеткізілгеннен кейін алдымен холдинг контингентінің қажеттілігіне қарай қолданылады. Содан соң қалған вакцина халық арасында екпе алуға ниет білдірген адамдарға таратылады», – дейді министрлік мамандары.

    Бүгінде қытайлық вакцинаны жеткізу кестесі бекітілді. Оған сәйкес, 30 сәуірге дейін 400 мың доза, ал мамыр айында 600 мың доза жеткізіледі.

    Айта кетейік, Vero Cell-дің араб еліндегі баламасы – Hayat Vax «өмір» деген мағынаны білдіреді. Бұл – инактивті вакцина. Сақтау температурасы +2-ден +8 градусқа дейін. Вакцинаны араға 14 күн салып, екі рет егеді.

    Қазақстанда коронавирусқа қарсы екі вакцина салынып жатыр. Олар – Қазақстанда шығарылған ресейлік «Спутник V» және отандық «QazVac» вакцинасы.

    қатысты посттар

    Біздің министрлер халықтың бәрін өздері секілді баршылықта тұрады деп ойлай ма?

    Алексей Цой ауылдарда коронавирусты анықтайтын ПТР тесттерді жасауға мал дәрігерлерін тартуды ұсынды

    Фариза

    Әлемді дүрліктірген коронавирус қазақстандық туристерді тоқтата ала ма?

    Пікір қалдыру

    sixteen + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.