-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда вакцина салдырғанын айғақтайтын паспорт сатылып жатыр ма – басқарма жауап берді

    БАҚ беттерінде адамның вакциналанғанын растайтын электронды құжатты сату бойынша жаңа бизнестің пайда болғаны туралы ақпарат жарияланған еді

    Алматы әкімдігі қалада вакцина салдырғанын растайтын паспорттың сатылып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik порталына сілтеме жасап.

    Бұған дейін БАҚ беттерінде адамның вакциналанғанын растайтын электронды құжатты сату бойынша жаңа бизнестің пайда болғаны туралы ақпарат жарияланды.

    Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұндай әрекеттің қылмыстық сипаты бар екенін, оның заңмен қудаланатынын мәлімдеді.

    «Ақпарат жарияланған сәттен бастап арнайы қызметтік тергеу басталды. Қазірге дейін вакцина салдырғанын растайтын электронды паспорт беру фактісі расталмады. Сонымен қатар барлық медициналық ұйым мен республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының ақпараттық жүйесі мен деректер қорын салыстырып тексеру басталды», — делінген басқарма таратқан ақпаратта.

    Егер ақпарат расталса, тергеу қорытындылары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шара қабылдау үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

    Сондай-ақ қоғамдық денсаулық басқармасы вакцинаға қатысты ақпараттық жүйелерге рұқсаты бар қызметкерлермен алдын алу шараларын жүргізіп жатыр.

    Айта кетейік, бұған дейін вакцина салдырғанын растайтын паспорт екпе салдырған емханаға байланысты 5-25 мың теңге аралығында сатылып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.

    қатысты посттар

    Өскемендік блогер өңірдегі белгілі шенеуніктің өзіне қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын мәлімдеді

    Фариза

    Таразда қаңғыбас ер адам көпқабатты үйдің ауласында жатқан итті бірнеше күн бойы зорлаған

    Фариза

    Жүректі жылытқан тұрғындар: Ақмола облысында бір ауыл жетімдерді асырап алған

    Пікір қалдыру

    8 − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.