9 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Ashyq» мобильді қосымшасы азаматтардың жеке деректерін жинап жатыр — Мәжіліс депутаты

    «Ashyq» мобильді қосымшасы пайдаланушылар туралы дербес деректерді (телефон нөмірі мен ЖСН) жинайтындығы қоғам арасында алаңдатушылық тудыруда. Өйткені азаматтар туралы жеке деректер алдағы уақытта түрлі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Мұндай мәселені Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева төменгі палатаның кезекті отырысында айтты.  

    «Пайдаланушылар қосымшаның жұмысына қатысты үш мыңға жуық теріс пікір мен шағымдарын жазған. Қосымшаның қауіпсіздігіне күмән бар. Цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, ол әлі ақпараттық қауіпсіздікке тиісті тексеруден өткен жоқ. Қосымшаны жүктеген қолданушылар оған  тіркелу және кіру кезінде қиындықтарға тап болуда. Қосымшаның өзінде пайдалы ақпарат жоқ, тек екі ғана сілтеме бар: «кіруді тіркеу» және «шығуды тіркеу». Мекемеге барар алдында пайдаланушының өз статусын тексере алмайды. Техникалық қолдау қызметімен байланысуға да сілтеме көрсетілмеген. Басты кемшілігі – қосымша адамның нақты статусын көрсетпейді», — деді Мәжіліс депутаты. 

    Депутаттың айтуынша, азаматтардың коронавирусқа қатысты мәртебесін айқындайтын «Ashyq» мобильді қосымшасы түстерді де дұрыс көрсетпейтін көрінеді. Мәселен, КВИ-ге шалдықпаған адамның түсі қосымшада жасыл емес, көк етіп көрсетіледі екен. Сонымен қатар, Имашева аталған жүйені қолдану және оны алдағы уақытта қаржыландыру тәртібі әлі де түсініксіз екенін алға тартты.  

    «Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып және бүкіл елге «Ashyq» қосымшасын қолдануды ұсынбас бұрын, пайдаланушылардың шағымдарына назар аударып, олармен кері байланысты жолға қоюды; пайдаланушылар енгізген дербес деректердің сақталуын қамтамасыз ету және оларды рұқсатсыз пайдалануға жауапты тұлғаларды анықтауды; цифрлық өнімді иелену шарттарын, тәртібін белгілеу және оны қаржыландыру көздерін белгілеуді сұраймыз», — деді Снежанна Имашева Цифрлық даму министріне жолдаған сауалында. 

    Дереккөз: Аzattyq-ruhy.kz

    қатысты посттар

    Тәуелсіздік күні белсенділерді ұстау жалғасты (видео)

    Фариза

    Ағылшын тілін алып тастауды жоспарлап отырмыз — Білім және ғылым министрі

    Фариза

    «Жоғарғы билікте саяси тартыс басталды» Айсұлтанның мәлімдемесі Назарбаев дәуірінің аяқталғанын көрсетеді — Жанболат Мамай

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.