Пятница, 13 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    Экс-министр Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді

    Экс-министр Елжан Біртановқа қатысты үй қамақ мерзімі ұзарды, алайда белгілі бір уақытқа үйінен шығуына рұқсат берілді. Ақпаратты Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко растады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Санкция бойынша, екі аптаға созылды, 14 мамырға дейін. Үйден 08.00 мен 19.00 аралығында шығуына рұқсат етілді», — дейді адвокат. 

    Ақпанда экс-министрдің адвокаты үй қамақта жатқан Біртановқа шаштаразды кіргізуге тыйым салынғанын айтқан болатын. 

    Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. 

    Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын. 

    Министр ұсталғаннан кейін былтыр 5 қарашада Желіде экс-министр Біртановты қолдау акциясы болған еді.

    қатысты посттар

    Қазақстандық миллиардерге қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде

    Фариза

    Елжан Біртанов: «Бостандықта жүрсем, елге көбірек пайдам тиер еді»

    Фариза

    Жыл басынан бері вакцина паспортын сату мен ПТР-тестті қолдан жасауға қатысты 65 қылмыстық іс қозғалған – ІІМ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.