-1.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Атырауда тағы да жер дауы бұрқ етті

    Атырауда тағы да жер дауы бұрқ етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    «Ақ жайық» мәліметі бойынша, бұл жолы қала маңындағы Тасқала ауылының 100-ден астам тұрғыны жеке компанияның карьер қазу жұмыстарын жүргізуіне қарсы шығып, митинг өткізді.

    Негізінде, Тасқала ауылының іргесінде тағы екі карьер бар. Олардың біреуін Атырау облысының әкімі болып тұрған кезінде ауыл іргесінен карьер қазуға қарсы болған Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ жауып тастады. Екіншісі пайдаланып болғаннан кейін иесіз қалып, қазір үлкен қоқыс орнына айналды.

    — Осыны да солай пайдаланып, тастап кетеді. Ешкім сұрамайды, ешкім ескертпейді. Бұл жерде адамдар тұрады ғой, неге бізден сұрамайды? – деп ренжиді зейнеткер Гүлсім НАУБЕТОВА.

    Тасқалалықтардың айтуынша, «Элитстрой» ЖШС «КамАЗдары» Тасқаладан Атырауға топырақ тасып жатыр, канал арқылы өтетін көпірді бүлдіріп үлгерген – ол жерде шұңқырлар пайда болып, жіктері ажырап жатыр. Ауыл ішімен топырақ тасымалдауға тыйым салынып, айналма жол белгіленсе де, жүргізушілер құлақ аспай отыр.

    — Карьер қоршаған ортаға ғана емес, ауыл тұрғындарының денсаулығына да үлкен зиян келтіреді. Жел тұрған күндері біз осы шаңды жұтамыз. Ал бізде жел тұрмайтын күн болмайды. Сонымен қатар, жайылым аумағы да қысқарып қалды. Біздің пікірімізді білу үшін қоғамдық тыңдаулар неге ұйымдастырылмады? Конституцияда жердің халыққа тиесілі екендігі жазылған және біз бұл жерді қорғаймыз! — дейді ауыл тұрғыны Абай УӘЛИ.

    Бұл кездесуде жергілікті тұрғындар Кеңөзек ауылдық округінің әкімі Ернар ӨТЕШҚАЛИЕВТЕН батырып сұрап, «ЭлитСтрой» ЖШС өкілін де ұзаққа дейін жібермеді.

    — Ауыл әкімін көріп тұрғанымыз осы. Сіз бұған дейін қайда жүрсіз, неге біздің мүддемізді қорғамайсыз? — деп сұрады ауыл тұрғындары.

    Өтешқалиевтің айтуынша, «ЭлитСтрой» ЖШС-нің қолында құжаттары бар, кәсіпкерлер заң бойынша әрекет етіп жатыр:

    — Жерді бермес бұрын құзырлы органдар жан-жақты тексеру жүргізіп, зерделеді.

    Әкімнің сөзін ЖШС өкілі Ғаділбек ӨМІРЗАҚОВ және Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадыржан АРЫСТАН растады.

    Қадыржан АРЫСТАН:

    – Бұл жерлерді жалға беру облыс әкімінің қаулысымен бекітілді. Біз өзгерте алмайтын нормативтік құжаттар бар, өйткені оны тек орталықтан ғана жүзеге асыруға болады, — деді Қ.Арыстан. — Біз Мәжіліс депутаттарынан елді мекендердің іргесінен карьер қазуға тыйым салуды сұрауымыз керек. Тек осылай ғана мәселені шешуге болады.

    Сонымен қатар, тұрғындар «АЖ» тілшісіне өткен жылдың қаңтар айында Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ Тасқала ауылының маңында карьерлік жұмыстарды жүргізуге рұқсат бергенін растайтын құжатты көрсетті. Ол құжат облыс әкімінің сол кездегі орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВАМЕН, Айбек КРАМБАЕВПЕН, Серік ШАПКЕНОВПЕН, Ержан АБЫЛХАНОВПЕН, Әлібек НӘУТИЕВПЕН және басқа да лауазымды тұлғалармен келісілді.

    Бұл үлкен акцияның әзірге бір нәтижесі бар: карьердегі жұмыс уақытша тоқтатылды.

    қатысты посттар

    Дәлелдеу үшін өлуім керек пе? Президенттің баспасөз хатшысы сырқаттан саясат жасайтын адамдарға наласын жеткізді

    Фариза

    БҚО-да мектеп директоры педофилия туралы хабарламағаны үшін 4 жылға сотталуы мүмкін

    Фариза

    Омбудсмен Арон Атабекті толық ақтау жөнінде өтініш түссе, қарайтындарын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.