-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Назарбаев тарихи тұлға, ол үлкен құрметке лайық – Б.Байбек Фурманов көшесінің атауын алмастыру туралы

    Қоғам белсендісі Жанболат Мамайдың Алматыдағы Фурманов көшесін Назарбаев деп өзгерту туралы шешімді сол кездегі әкім Бауыржан Байбек жалғыз өзі қабылдады деген мәлімдемесіне Б.Байбек жауап берді. Блогер Тәңірберген Бердоңғаровқа берген сұхбатында Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары аталған мәселеге тоқталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Ж.Мамайдың айтуынша, Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі болып тұрған шақта Фурманов көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін ешкіммен ақылдаспай, өзі бере салған. Экс-әкім болса мұндай құзырет ешбір әкімде жоғын айтып отыр.

    «Жанболат Мамай өзінің көп жайттан хабарсыз екенін көрсетті. Көше атауын ауыстыру туралы шешімді әкім емес, жергілікті мәслихат қабылдайды. Әкім тек ұысынс айтып, бастамашы болуы мүмкін. Бұл шешімдерді мәслихат қабылдайды. Ол әкімнің жеке дара қабылдай салатын шешімі емес. Әкім бастамашы бола алады, бірақ шешімдерді жергілікті өкілді органдар қабылдайды. Оның үстіне, бұл шешімді мақұлдайтын республикалық ономастикалық комиссия бар», — деді Б.Байбек.

    Оның айтуынша, Фурманов – Президенттің резиденциясы орналасқан үлкен орталық көше. Ал, Алматы – біздің мыңжылдық арманды жүзеге асырған қала.

    «Алматыда тәуелсіздік алдық, мемлекеттікке қол жеткіздік. Тәуелсіздігіміздің алғашқы 7 жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды. Дәл осы қалада, Фурманов көшесінде Елбасы қиын және тарихи шешімдерді қабылдады. Мамай сияқтыларға мұны түсіну қиын. Ондайлар мұның масштабын түсіне алмайды. Алматыда егемендік туралы декларациямыз, конституциямыз қабылданды. Елбасымыз көрші елдермен достық қарым-қатынас орнатып, шекарамызды делимитациялау мәселесін толығымен шешті. Бүкіл посткеңестік елдер ауыр қанды сынақтардан өтті. Біз оны естен шығармауымыз қажет. Меніңше, Нұрсұлтан Әбішұлы сынды тарихи тұлға көзі тірісінде бұдан да зор құрметке лайық», — деп атап өтті Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.

    Бауыржан Байбек сондай-ақ Алматының орталық көшесін ондаған жыл бойы иемденіп келген Фурмановтың тарихта аты несімен қалғанын да еске салды.

    «Фурмановтың кім екенін Мамай білмейтін сияқты. Фурманов 1920 жылы Верныйдағы бес мың адам қатысқан қанды көтерілісті басқан, артынша көпшілігін атып, түрмеге жапты. Көтерілісті басқан адамның атына көше берді. Оның ойынша, еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасыға қарағанда Фурмановтың бізге сіңірген еңбегі көп пе? Маған алматылық кәсіпкерлер хабарласып, «Елбасыға өз есебімізден ескерткіш қойғымыз келеді» деп сұранды, әдемі эскиз жасатыпты. Біз оны мақұлдап, қалада ескерткіш қою керек болғанбыз. Бірақ, бұл бастама кейін маған белгісіз себептермен жалғасын таппады», — деп сөзін түйді Б.Байбек.

    қатысты посттар

    Елде үлкен өзгеріс! Отыз жылға жуық билікке сенім артпаған халық Тоқаевқа үміт артып, жылы лебіз білдіруде

    Фариза

    Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

    Фариза

    «Табыс көлемі азайды…» — Тоқаев елдегі проблемаларды атады

    Пікір қалдыру

    three − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.