Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мұндайды ешқашан көрмеппін! Қостанайдың жолында мұз көшті

    Қостанай облысында қатты желдің салдарынан су бетіндегі сең қозғалып, тас жолды жауып қалды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Alau.kz редакциясына осы табиғат құбылысының куәгері видео жолдап, өз әсерімен бөліскен.

    Мен мұндайды ешқашан көрген емеспін, — дейді кадр сыртындағы адам.

    Жолаушылар көлігі басқармасы 18 сәуірден бастап Сарыкөл ауданындағы тас жолда көлік қозғалысы тоқтатылғанын хабарлады. Сең көшкіні 500 метрге жуық жолды жауып тастады. Мұздың биіктігі 5 метрге дейін жетеді.

    19 сәуірде таңғы сағат 8.00-де жолды биіктігі 5 метр мұз жапты. Бұл — табиғи құбылыс. Мұның бәрі қатты желдің салдарынан болды, — деді Жолаушылар көлігі бөлімінің бастығы Олжас Нұрғалиев.

    қатысты посттар

    Қазалы ауданында ауыз су сервистік желіге қосылады

    Фариза

    Арыстықтар көптен күткен 100 мың теңгеге қол жеткізді (фото)

    Білім кəсіподағы Қыздар университетінің бір топ қызметкерін медальдармен марапаттады

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.