-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жанбайды, ериді. Желіде бетпердені сынап көрген видео тарауда

    Желіде медициналық бетпердені өртемек болған адамның видеосы тарауда. Бірақ жеке қорғаныс құралы жанбайды, ериді. Осыған байланысты видео авторлары бетпердені улы деген қорытынды жасайды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    stopfake.kz бұл жаңсақ тұжырым екенін, медициналық маскалардың уыттылығы туралы ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарғанын жеткізді.

    – Біріншіден, бұл видео Қазақстанда емес, Ресейде түсірілген және біздің елге қатысы жоқ. Екіншіден, бізде сатылатын бетперделердің сапасы санитарлық талаптарға сәйкес келеді және сапасы жоғары, – деп хабарлады ведомстводан.

    Сонымен қатар, медициналық бетперде жанбай, ерігені таңқаларлық және әдеттен тыс жайт емес. Жеке қорғаныс құралдары арнайы материал – спанбондтан жасалады. Бұл синтетикалық тоқымаға жатпайтын материал, ол берік, жоғары және төмен температураға төзімділігі, су өткізбейді, сондай-ақ инфекциялардан қорғауға қажетті басқа да қасиеттерімен ерекшеленеді.

    Спанбонд улы емес және қауіпсіз. Ол синтетикалық материал болғандықтан, жанған кезде ериді, бірақ зиянды қосылыстар бөлмейді.

    Пластик медициналық маскалар өндірісінде қолданылмайды.

    қатысты посттар

    «Қызметімнен кетуге дайынмын». Серік Сәпиев жемқорлық күдігіне ілінген орынбасары жайлы пікір білдірді

    Фариза

    Қазақстанда әйелдерін ұратын ер азаматтарды көше тазалауға жіберу ұсынылды

    Фариза

    Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау әрбір мекеменің міндеті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.