-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Көптоғайдағы наразылықтан соң шекара қоршауы өзгертіліп, қайта салынды

    Атырау облысындағы Көптоғай ауылында салынып жатқан шекара қоршауы өзгертіліп, қайта салынды. Ауыл тұрғындары енді Қиғаш өзеніне бара алатын болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Құрманғазы ауданының әкімі Марат Мурзиев бір күн бұрын жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған Қиғаш өзені бойына орнатылған шекара белгілері алынып тасталғанын айтты.

    13 және 16 сәуірде жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазір малды суару және егін суару үшін өзенге бару мүмкіндігі қарастырылды. Бұған ешқандай кедергі жоқ, — деді әкім.

    Жергілікті халықтың дүрлігуі 14 сәуірде Көптоғай ауылы тұсында Қазақстан мен Ресей шекарасында жаңа шекаралық қоршау салудан басталды.

    — Бұған дейін шекаралық қоршау Қиғаш өзенінің саласы «Отыз бес» деп аталатын өзектің арғы тұсында болатын. Бұл өзек ауылға жақын орналасқан. Енді келіп ол қоршауды өзектің бергі жағына шығарып, ауылдың іргесінен бір шығарды. Ауыл тек малмен күнелтеді. Ауыз су сағатпен беріледі. Біз сол өзектің суын ауыз су ретінде де, малға да пайдаланатынбыз. Бұл шекаралық белгіні неге жылжытты. Соған түсінбей далмыз. Неге бізге алдын ала айтпайды. Біз енді қалай күнелтеміз, ауыз суды қайдан тасимыз, мал қайдан су ішеді? Малға да сенім жоқ, шекарадан өтіп кетсе, шекараны бұзу болып табыла ма? — дейді Көптоғай ауылының тұрғындары.

    Бұл жағдайға қатысты ҰҚК шекара қызметі мәлімдеме жасады. Олар 2013 жылдың мамыр айында екі шекара белгісі арасына орнатылған қоршаулар Ресей Федерациясының аумағына 10-70 метрге еніп кеткенін, осыған байланысты Көптоғай ауылында инженерлік жұмыстар жүргізілгенін айтты.

    қатысты посттар

    Ертеңнен бастап Шымкентте мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастайды

    Фариза

    LRT қаржысын жымқырды деп айыпталған Қанат Сұлтанбек Нью-Йоркте тойда жүр

    Фариза

    «Вова ағайды көмекке шақыратын» радио жүргізушісіне полиция хабарласпаған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.