-3.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Сараптама

    Дәлелдер жоқ: Ақтауда педофилияға қатысты іс жабылып тынды

    Ақтауда кішкентай балаларға зорлық көрсетті деп күдіктелген азамат сот залынан босап шықты. Полицейлер қылмыстық істі дәлелдер жеткіліксіздігіне байланысты жауып тастаған. Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

    Оқиға 2020 жылдың жазында Ақтаудағы 20-ықшамауданда болған еді. Ендң кішкентай қызды подъезге алып кірген азамат жазадан құтылып кетті. Бұл жайтқа қатысты өңірлік ПД баспасөз қызметі жауап берді. Мұнда Ақтау полиция басқармасына кішкентай қызға қатысты зорлық әрекеттері жайлы арыз түскенін хабарлады. Сараптама тағайндалған, ал нәтижесінде баланың денесінен қандай да бір жарақат анықталмаған.

    «Дәлелдердің жеткіліксіздігіне және іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс қысқартылды және қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру үшін одан әрі прокуратураға жіберілді», -деді полицияда.

    Еске салайық, 2020 жылдың шілдесінде Ақтаудағы үй аулаларының бірінде қала тұрғыны тәртіп сақшылары келгенше педофил болуы мүмкін азаматты ұстаған еді. Оған қатысты тергеу жұмыстары басталған.

    қатысты посттар

    Вакцинациядан кейінгі иммунитет 2 жылға дейін сақталады – дәрігер

    Фариза

    433 млн теңгеге салынған мектеп құлайын деп тұр

    Фариза

    Байқоңырда жоғалған баланың неден қайтыс болғаны анықталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.