-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    Алматы мешіттерінде жамағатпен намаз оқылмайды. Уағыз онлайн өтеді

    Пандемияға байланысты мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында мешіттерде жамағатпен намаз оқылмайды. Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай сөз сөйледі. Ол ораза ұстаудың рухани тәжірибесі туралы айтып, оны коронавирус кезеңінде сақтау туралы ұсыныстар берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Алматының бас имамы Еркінбек Шоқай мұсылман қауымын келе жатқан қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

    Біздің халқымыз ежелден Рамазанды ерекше қастерлеп: «Он екі айдың сұлтаны», – деп атаған. Берекесі мол айда жарамазан жырын айтып, оразаның келгенін қуанышпен жеткізіп, насихаттаған, — деді Еркінбек Шоқай.

    Имам мұсылмандардың ораза ұстау парызы жайлы айтылған хадистерді тілге тиек етті. Сонымен бірге, биылғы жылы қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталатынын хабарлады. Орталық Азия мүфтилерімен кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып осындай шешім қабылданған.

    Алғашқы тарауық намазы 12 сәуір күні оқылады. Биыл да қаламыздағы эпидахуалдың күшеюіне байланысты мешіттерде уақытша жамағатпен тарауық намазы оқылмайды, — деді қаланың бас имамы Еркінбек Шоқай.

    Қадір түні биыл 8 мамырдан 9 мамырға қараған түнге сәйкес келіп тұр.

    Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстары онлайн режимде жүргізеді, қаламыздағы танымал қарилар онлайн Құран хатым оқиды. Әлеуметтік желідегі Азан.кз парақшасы арқылы күнделікті сағат 14.00-де онлайн қатысуға болады. Рамазан айында 8 (727) 329 0966, 8 700 719 7622 байланыс телефондары арқылы Алматы Орталық мешітінің Пәтуа Call-орталығы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп отырады, — деді имам.

    Сонымен бірге, Е.Шоқай қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауап алуды ниет еткен жандар «Берекелі Рамазан тосынсыйы», «Ауыз ашар қоржыны» атты акциялары аясында ауызашар қораптарын еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы көмекке мұқтаж азаматтардың үйлеріне жеткізілетінін айтты. Бұл шара еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы жасалады.

    Сонымен бірге, қасиетті айда «Рамазан керуені» атты қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылады.

    «Намаз оқып үйренейік», «Құран оқып үйренейік», «Қош келдің, Рамазан», «30 күнге 30 уағыз», «Бас имам мінбері» айдарымен қала мешіттерінің әлеуметтік парақшаларында онлайн дәрістер мен мешіт жамағаты арасында «Раббым, білімімді арттыр» сынды интелектуалды білім сайыстары өтеді», — деді іс-шаралар күнтізбесімен таныстырып өткен имам.

    Е.Шоқай шариғат және пәтуа бөлімі биылғы пітір садақа көлемін 420 теңге етіп бекіткенін хабарлады. Бұл еліміздегі 2 кг ұнның орташа бағасына сай. Сонымен қатар пітір садақасын мейізбен берем дегендер үшін 3580 тг., құрмамен есептесе 7 300 теңге. Ораза ұстауға денсаулығы жарамайтын және үлкен жастағы қарт кісілерге оразасы үшін фидия құны 2500 теңге деп бекітілді.

    Пітір садақасын мешіттерге келіп берумен қатар, Каспи.кз қосымшасы арқылы да беруге болады. Қала мешіттерінде Каспий QR қойылды, — деп ақпараттандырды имам.

    Сонымен қатар, Рамазанда Алматы қаласы мешіттерінің білікті имамдарының рухани уағыз-сұхбаттарын күнделікті ауызашар уақытында Алматы арнасынан көруге болады.

    қатысты посттар

    Бүгін мың айдан да қайырлы Қадір түні болуы мүмкін

    Фариза

    Ораза кезінде тісті тазалауға болады ма?

    Фариза

    «Малға беретін бір табақ кебекті тамақ қылдық» Аяғы ауры кезінде Сирияға кеткен әйел сұмдық оқиғалармен бөлісті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.