26 C
Алматы
Суббота, 13 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Алматыда кортеж үшін басы дауға қалған полицей жаңа қызметке тағайындалды

    2020 жылы басы дауға қалып, қызметінен босатылған Алматы криминалдық полициясының бұрынғы басшысы Жанболат Зиадин Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы болды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. Ақпаратты Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

    Ол бұл лауазымға ақпанда тағайындалғаны белгілі болды.

    «2020 жылдың сәуірінде Зиадин карантин нормаларын бұзғаны үшін Алматы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапқа тартылды.

    Еңбек кодексінің 65-бабы, 3-тармағына сәйкес «әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге тек бір тәртіптік жаза қолданылады». Полиция полковнигі Зиадин әртүрлі басшылық қызметті атқарды, ішкі істер органдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар (20 жылдан астам).

    Сонымен қатар, Зиадиннің Талғар АПБ бастығы лауазымына 2021 жылы 5 ақпанда тағайындалғанын хабарлаймыз. Бұл лауазым бұрын босатылған қызметінен бір саты төмен», — деді департаменттің баспасөз қызметіндегілер.

    Еске салайық, 2020 жылы сәуірдің ортасында әлеуметтік желілерде элиталық автомобильдердегі бір топ адам түсірілген видео пайда болған. Олар Алматыдағы блокбекеттен тойға бару үшін кедергісіз өтіп кетеді. Видео авторы роликті әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында жариялаған. 

    қатысты посттар

    Бекболат Тілеухан Қордайдағы оқиғаға байланысты: Айналып келгенде зардабын қазақ шегеді (видео)

    Фариза

    «Біз вирустың кірмейтініне кепілдік бере алмаймыз» Бас санитар жақын күндері Қазақстанға коронавирустың кіруі мүмкін екендігін айтты

    Фариза

    «Сайлау әділетсіз өтсе, халық алаңға шығатынына кепілдік беремін…» (видео)

    Пікір қалдыру

    eight − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.