-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жері сатылмайды, жалға берілмейді

    Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жер қатынастары мәселелеріне қатысты заң жобасы I оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Заң жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалды.

    Жалпы заң жобасында шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншік және уақытша жер пайдалану құқығымен иелік етуіне тыйым салу көзделген.

    Осыған сай, жалпы отырыста Нұрлан Нығматулин:

    — Бүгінгі мақұлданып отырған жер қатынастары туралы заң жобасының Қазақстан қоғамында маңызы да, орны да ерекше. Себебі, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен әзірленген осы құжаттың нәтижесінде халқымыздың назарында жүрген сұрақ бойынша нақты шешім қабылданды. Енді жерімізді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де толықтай тыйым салынады, — деді.

    Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бұл заң жобасы жер туралы түрлі пікірлерді тоқтатып, алдағы уақытта жерді қолдану мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жол ашатынына назар аударды.

    Айта кету керек, жер заңнамасынан шетелдік жер пайдаланушыларға және шетелдік қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы жерлеріне құқықтар беру мәселелерін регламенттейтін құқықтың материалдық нормалары алып тасталмақ.

    Бұл ретте, 2016 жылғы 1 шілдеге дейін жоғарыда аталған жер пайдаланушыларға жалға беру шартымен берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша жер пайдалану құқығы жалға алу шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылатыны және ұзартылуға жатпайтыны көзделген.

    қатысты посттар

    «Ұят, обал, әріптестерім үшін ұяламын» Меруерт Түсіпбаева Жанардың жерлеуіне қатысқан әріптестері туралы айтты

    Фариза

    Қасым Жомарт Тоқаевтың үндеуі қаншада көрсетілетіні белгілі болды

    Фариза

    Назарбаев пен Тоқаев қатысып жатқан форум алдында көпбалалы аналар шеруге шықты

    Пікір қалдыру

    five × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.