-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Парақорлық бойынша сотталғандарды жұмысқа алушылар да жазаланатын болды

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов бұрынғы жемқор шенеуніктерді жұмысқа қабылдағаны үшін айыппұл қарастырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Айыппұл көлемі 300 мың теңгеге дейін болады. Бұл арада мемлекеттік орган немесе ұлттық компания тарапынан жұмыс берушілер туралы сөз болып отыр. Менеджер айыппұлды өз қалтасынан төлейтін болады.

    Бұл жерде мына маңызды сәтті атап өткім келеді, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарды тек мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік сектордағы жетекші лауазымдарға жұмысқа алуға қатаң тыйым салу туралы талап болған. Енді дәл осы жылдың басынан бастап Еңбек кодексіне күшіне енген түзетулер бойынша сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды квазимемлекеттік сектордағы кез-келген лауазымға қабылдауға толықтай тыйым салу қарастырылған, деп мәлімдеді Антикор төрағасының бірінші орынбасары.

    Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адам енді мемлекеттік қызметте де, квазимемлекеттік секторда да жұмыс істей алмайды. Ал мұндай адамдарды жұмысқа қабылдаған менеджерлер Әкімшілік кодекстің 681-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    қатысты посттар

    Бір айда 14 мың Ресей азаматы Қазақстаннан ЖСН алды

    Фариза

    МҰХАМЕДЖАН ТАЗАБЕКОВКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҰЛТТЫҚ АРНА ЖАУАП БЕРДІ

    Фариза

    Жауынгерлік дайындық қалыпты форматта қайта басталады

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.