15 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазнетте “мәйітке толы” жүк көлігінің видеосы талқыланып жатыр

    Қазақстандықтар қара пакеттерге оралған адамдардың денесі салынған жүк көлігі түсірілген бейнероликті талқылап жатыр. Желі қолданушылары “адамдарды қорқыту үшін жаңалықтарды осылай түсіреді” дейді. Stopfake.kz пікірлерді жоққа шығарды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Видеода “мәйіттердің” бірі темекі тартып жатыр, ал жүк көлігінің ішіндегі екі ер адам үсіндегі қара пакеттерді түзеп жатыр. Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді.

    “Бұл пікір – фейк. Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok парақшасынан алынған. Ролик биыл жылдың 30 наурызында жарияланған және онда “Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі” деп жазылған.

    Рэп орындаушы Хаскидің “Никогда-нибудь” әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл осы таратылған роликтегі көлік. Демек, видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ, сондай-ақ, бұл көркем музыкалық бейне және шынайылықпен байланысты емес”, – деді Stopfake.kz өкілдері.

    қатысты посттар

    Алматыдағы ұшақ апаты. Ауруханадағы екеудің жағдайы туралы мәлімет жарияланды

    Фариза

    “Кекілдерін қайырып, жақтарын айырамыз…” – Талғат Рысқұлбеков

    Арыс, Тараз, ендігі кезек Ақтөбеде ме? Ақжар ауылының тұрғындары “жұмбақ қоймадан” қорқуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.