Воскресенье, 26 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазнетте «мәйітке толы» жүк көлігінің видеосы талқыланып жатыр

    Қазақстандықтар қара пакеттерге оралған адамдардың денесі салынған жүк көлігі түсірілген бейнероликті талқылап жатыр. Желі қолданушылары «адамдарды қорқыту үшін жаңалықтарды осылай түсіреді» дейді. Stopfake.kz пікірлерді жоққа шығарды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Видеода «мәйіттердің» бірі темекі тартып жатыр, ал жүк көлігінің ішіндегі екі ер адам үсіндегі қара пакеттерді түзеп жатыр. Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді.

    «Бұл пікір — фейк. Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok парақшасынан алынған. Ролик биыл жылдың 30 наурызында жарияланған және онда «Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі» деп жазылған.

    Рэп орындаушы Хаскидің «Никогда-нибудь» әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл осы таратылған роликтегі көлік. Демек, видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ, сондай-ақ, бұл көркем музыкалық бейне және шынайылықпен байланысты емес», — деді Stopfake.kz өкілдері.

    қатысты посттар

    «Билік халықтың өмірін қиындататын, ақымақ жолды таңдап алды» — Мұхтар Тайжан салық табысына байланысты өзгеріске пікір білдірді

    Фариза

    Тұмаудан қорғай алмаған бетперде короновирустан қалай сақтамақ?

    Фариза

    «Жыныстық мүшелерін қысқышпен қысқан…» Түркістан облысында өгей ана кішкентай үш қызын әбден азаптаған (фото 18+)

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.