-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 420 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ (ФОТО)

    Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының, зекет пен підияның мөлшері анықталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Muftyat.kz порталына саілтеме жасап.

    Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.

    ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Төралқа мәжілісінде тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтай отырып қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізу, Рамазан айында Құран хатым жасайтын топтар құрып, жамағатты сауапты істерге жұмылдыру жағына басымдық беру туралы айтты. Сондай-ақ Батыржан Мансұров қасиетті айда онлайн және тікелей эфирде бірнеше жоба ұсынылатынын жеткізді.

    Төралқа мәжілісінде ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов ай бойы «Рамазан – ұлық ай» атымен тікелей эфир ұйымдастыру, әлеуметтік желілерде орталық мешіт парақшаларында облысқа танымал тұлғалармен «Рамазан – он екі айдың сұлтаны» атты күнделікті онлайн сұхбаттар өткізу, «Берекелі Рамазан» деген атпен апталық марафон болатынын айтты. «Халық арна телеарнасынан тікелей эфирде Рамазанға қатысты жобалар көрерменге жол тартпақ» деді Марат Дәлелханұлы.

    қатысты посттар

    Дін жетпеген жабайы адамдардың о дүниедегі жағдайы не болады?

    Бүгін мың айдан да қайырлы Қадір түні болуы мүмкін

    Фариза

    «ҚМДБ маңына топтасқан» — биліктегі сәләфилер мен гүленшілер өзара «қақтығысып» жатыр

    Пікір қалдыру

    three + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.