Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Несие алуға көмектесемін»: Алматыда алаяқтықпен айналысқан жұп ұсталды

    Алматы қаласында алаяқтықпен айналысып жүрген жұп ұсталды. 1991 жылы туған К.есімді азамат пен оның 28 жастағы құрбысы — Жамбыл облысының тумалары. Күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің ірі көлемдегі ақшасын заңсыз иемденіп алғаны анықталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Қылмыс жасау үшін ұсталғандар интернет-ресурстардың бірінде келесі мазмұндағы жарнаманы орналастырды: «Несие алуға көмектесемін». Потенциалды жәбірленуші хабарласқан кезде, қаскөйлер оны екінші деңгейлі банктердің бірінде шот ашу қажеттілігіне сендіріп, Beeline абонентінің ұялы телефонының нөмірін көрсетіп, бұл карта көрсетілген нөмірге байланған болуы керек деп сендірді. Содан кейін олар азаматтарды несие алу үшін алғашқы төлемнің қажеттілігі туралы сендірді. Осы аралықта алаяқтар алынған соманы мобильді банкинг арқылы басқа картаға аударып, қолма-қол ақшаға айналдырды», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

    Күдіктілер Алматы облысына қарасты ауылдардың бірінде ұсталды. Қазір осы екеуінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен 12 жәбірленуші анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Домбыраны жерге ұрып сындырған жігіт қазақтардан кешірім сұрады (видео)

    Шымкентте жарапазан айтып жүрген балаларды полиция ұстап алып кетті

    Фариза

    Қамауда отырған белсенді Ағаділ «шеге мен болт жұтқан»

    Пікір қалдыру

    11 + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.