-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Медсақтандыру қорының басшылары 77 млн теңге сыйақы алған

    2019 жылы Мемлекет басшысы Үкіметке бірыңғай әлеуметтік қор құру арқылы әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін шоғырландыру мәселесін зерделеуді тапсырды. 1,5 жыл өтті, мәселе сол күйінше қалды. Бүгін Мәжіліс депутаттары Үкіметтің жедел жауап беруін талап етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.    

    Депутат Аманжан Жамалов Премьер-министр Асқар Маминнің атына жолдаған депутаттық сауалында бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеп тұрғанын сынға алды.

    «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік, медициналық сақтандыру қорлары мен БЖЗҚ қаражаты ескерілетін «кеңейтілген бюджетті» енгізу міндеті қойылған. 2020 жылы бюджеттен тыс қорларға 1,8 трлн теңге көлемінде ірі мөлшердегі жарналар мен ақша аударымдары жүзеге асқан. Бұл КТС-тен (корпоративтік табыс салығы) республикалық бюджетке түсетін қаражаттан да көп», — деп түсіндірді депутат.

    Сонымен қатар, бюджеттен тыс қорлардың шығындары, яғни жүздеген миллиард теңге Парламент пен Есеп комитетінің бақылауынан тыс қалып отыр.

    Депутат әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 2019 жылғы 5,8 млрд теңгеден асып кеткен әкімшілік шығысын мысал ретінде келтірді.

    «Еңбекақы төлеуге 4,4 млрд теңге жұмсалды. Егер Қордың барлық 850 қызметкеріне бөлсек, әрқайсысына айына 434 мың теңге келеді. Бұл елдегі орташа жалақыдан 2 есе жоғары. Егер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қолжетімді қаржылық есебін алып зерттейтін болсақ, ӘМСҚ басқармасының төрт мүшесіне шамамен 77 млн.теңге — әрқайсысына 19 млн теңгеден сыйақы төленді. Сол себептен болар, ӘМСҚ басқарма төрағасы өз жалақысын жария түрде атаудан бас тартты», — деді депутат.

    Депутаттың пікірінше, осындай орынсыз жұмсалып жатқан миллиардтаған сомаларды басқа қорлар бойынша да айтуға болады.

    «Атап айтқанда, 2019 жылы БЖЗҚ-ның әкімшілік шығыстары 11,8 млрд теңгеден асқан. Ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының шығысы 1,9 млрд теңгеден асты. Қорларды ұстауға осындай шектен тыс шығындар кетсе, әрине халық тарапынан түрлі сұрақтар туындайды», — деп мәлімдеді мәжілісмен.

    Аманжан Жамалов еңбекақы мен әкімшілік шығыстарға арналған барлық баптарды ашып көрсетуді, бюджеттен тыс қорлардың шығыстары туралы ақпаратты көрсету стандарттарын бекіту қажет деп есептейді. Депутат алдымен 2020 жылға арналған бюджеттен тыс қорлардың шығындары туралы ақпаратты жариялауды ұсынды.

    Мәжілісмен «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес, 2021 жылы кеңейтілген бюджеттің енгізілуіне байланысты Бюджет кодексіне өзгерістер енгізу жұмыстары қандай сатыда екенін түсіндіруді сұрады. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорларды ескере отырып, бірлескен есеп айырысуды жүргізуге қатысты сұраққа жауап беруді сұрады.

    қатысты посттар

    Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқандардың ішінде жазықсыз ұсталғандар бар – ІІМ

    Фариза

    Жалағаш ауданында залалсыздандыру жұмыстарына 2 млн теңге бөлінді

    Фариза

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға дейін жүктілікті жоспарламауы тиіс

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.