-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Депутаттар зейнет жасын қайта қарауды ұсынды

    Мәжіліс депутаты Александр Милютин Премьер-министр Асқар Маминге зейнетақы жасын қайта қарау туралы тағы да депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    27 қаңтардағы депутаттық сауалға берілген жауапқа қанағаттанбағандықтан, олар тағы да ұсыныс жолдауға мәжбүр екендерін айтты.

    «Әлемдік тәжірибеде бір зейнеткерге жұмыс істейтін төрт адамнан келетін болса, бұл теңдестірілген және табысты арақатынас орнатылатынына кепіл екендігі дәлелденген. Осыған сәйкес, біз ынтымақты зейнетақы жүйесіне қайта оралу туралы ұсынысты қайта көтердік. Ресми статистикаға сүйенетін болсақ, Қазақстанда қазір 8,7 миллион адам жұмыспен қамтылған. Бұл сан зейнетақы жасындағы адамдардың санынан төрт есе көп», — деді Александр Милютин Мәжілістегі ҚХП фракциясы өкілдерінің өтінішін оқып.

    Ол Премьер-министрден 1998 жылы Қазақстан бас тартқан ынтымақты зейнетақы жүйесін қайтаруды қайта талқылауды сұрады. Оны мемлекеттік бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктерімен және жұмысшылар үшін фискалдық салдарымен ынталандыру қажеттігін айтты.

    «Екіншіден, сіздің жауабыңызда еңбек жағдайларының күрделілігіне байланысты азаматтардың зейнетке шығу жасын қайта қарау туралы біздің ұсынысымыз назардан тыс қалғаны жазылған. Заңда қарастырылған тек құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ерте зейнетке шығу туралы шешім әділетсіз деп ойлаймыз. Әсіресе, 60 жастан ертерек кәсіби жарамдылығын жоғалтатын кеншілерге, металлургтерге, өнер адамдарына (балериналарға) қатысты әділетсіз. Зейнетақы заңнамасында қызмет саласына қарамастан, қандай да бір кемсітушілік болмауы тиіс және еңбек жағдайларының күрделілігін тең дәрежеде ескеруі тиіс деп ойлаймыз», — деп толықтырды депутат.

    Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты зейнетақы мөлшері жайында да айтты.

    «Егер базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін орташа жалақыға байланыстыру сіздің жауабыңызда жазылғандай «экономикалық және әдіснамалық тұрғыдан негізсіз болғандықтан, зейнетақы төлемдерінің мәнін көрсетпесе», онда неліктен қолданыстағы «зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 15 және 16-баптары зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жалақының мөлшеріне байланысты есептеуді регламенттейді? Мұндағы негізгі айырмашылық неде? Неліктен зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде 46 АЕК-ке шектеу қойып, заң азаматтардың нақты тапқан кірістерін елемейді?

    Неліктен Үкімет бұл норманы өзгертуге және Халықаралық еңбек ұйымының ұсыныстарына сәйкестендіруге талпынбайды?» — деп сұрады Милютин.

    Депутат сондай-ақ нақты тұтыну бағасың өсу индексін ескере отырып, ынтымақты зейнетақыны қайта есептеу туралы мәселеге қайта оралды.

    «Біз өткен немесе алдағы кезеңде индекстеу туралы айтпадық. Бұл – зейнетақыны инфляцияны ескере отырып емес, қазіргі кездегі көптеген тауарлар бағасының өзгеруі негізінде индекстеу туралы ұсыныс. Зейнеткер инфляцияны есептеу кезінде бағасы ескерілетін автомобильдерді сатып алмайды. Оның зейнетақысы әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін жеткілікті болуы керек. Зейнетақының өсуі кезінде дәл осындай тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі ескерілуге тиіс деп есептейміз», — деді ол.

    Мәжілісмен жұмыс орындарын құру бойынша қоғам нақты нәтижелер күтіп отырғанын айтты.

    «Біз «ысқығы жер жарған» баяндамалар мен қажетті сандарды тіркей салған жалған статистиканы естиміз. Ал шын мәнінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі және олардың жұмысқа орналастыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыруы туралы айтуға болатын нақты көрсеткіштер жоқ. Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Сізден осы депутаттық сауалды қарап, аталған проблемалар бойынша Үкіметтің ұстанымын көрсетіп, жауабын заңнамада белгіленген мерзімде ұсынуды сұраймыз», — деп түйіндеді Милютин.

    Еске салайық, бұған дейін депутаттар зейнет жасын жынысына қарамастан 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған.

    қатысты посттар

    «Ақ жол» партиясынан үміткер «Темірбетон-1» ЖШС ұжымымен кездесті

    Айдос Сарым Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етті

    Фариза

    «Олар біз секілді салықтөлеушілердің есебінен күн көріп отыр» Депутат Қарағұсова төмен халықтың несиесін мемлекет есебінен өтеуге қарсы шықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.