Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстандықтарды тағы бір банк атынан алдап жатыр

    Қазақстанда алаяқтар халықты Halyk Bank атынан алдай бастады. Бұл жолы олар сауалнамадан өткен үшін жақсы смартфон мен басқа да бағалы сыйлықтар ұсынуда, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    «Бейілділік бағдарламасы» аясында Halyk Bank-тің сауалнамаcынан өтіп, IPhone12 pro немесе басқа жүлделерді ұтып алуға болады. Ал банктің Instagram-дағы ресми парақшасында Halyk Bank-тің ешқандай сауалнама өткізбейтіні айтылған, сондай-ақ пайдаланушыларды сақ болуға және өз деректерін үшінші тұлғаларға хабарламауға үндейді.

    Айта кетейік, сауалнамалар екі түрлі интернет-парақшада орналастырылған, олардың ешқайсысы банктің ресми парақшасы емес. Екі сайттағы «ұтыстар» туралы сауалнамалар мен пікірлер бірдей. Онда жеке мәліметтерге арналған тармақшалар бар. Ал бұл мәліметтерді білген алаяқтар төлем карталарына, жеке аккаунттарға және өз құрбандарының смартондары мен компьютерлерінде сақталған ақпаратқа қол жеткізе алады.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысындағы жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Отбасыны жалға алу: Жалғыз жандарға арналған жаңа қызмет түрі

    Қызылордада 255 ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.