Воскресенье, 26 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақтауда жұртты дүрліктірген блогерге ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін

    Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті блогер жасырған сағатты іздеймін деп Каспий теңізінің жағалауында жиналған бір топ адамға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, тексеру нәтижелері бойынша шараны ұйымдастырушыларға ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабына сәйкес 30-дан 230 АЕК-ке дейін (87,510-ден 670,910 теңгеге дейін) айыппұл салынуы мүмкін.

    Сондай-ақ ол елдегі барлық шектеу шаралары облыстағы бас санитарлық дәрігерледің қаулыларына сәйкес, әлі өз күшінде екенін еске салды.

    Блогер Нұрдәулет («Қарапайым қазақ») 4 наурызда Instagram-да теңіз жағалауына «ақылды сағатын» жасырғанын жария етті. Кейін куәгерлер оның парақшасына жазылушылардың топтасып жүргенін видеоға түсіріп алған.

    қатысты посттар

    Интенсивті алма бағының болашағы зор

    Мас кезінде ұлының жөргегін ауыстырғысы келген ер адам алты айлық ұлын абайсызда өлтіріп алды

    Фариза

    Қуат Хамитовтың соты кейінге шегерілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 − four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.