-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    СҚО-да 52 жастағы ер адам бірге тұратын әйелді ұрып өлтірді


    Солтүстік Қазақстан облысында 36 жастағы бірге тұратын әйелін өлімші етіп сабаған 52 жастағы ер адамды полицейлер ұстады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 ақпан күні Аққайың аудандық ауруханасына көптеген дене жарақаттарымен 1984 жылы туған Смирново елдімекенінің тұрғыны жатқызылды. Оны бірге тұратын ер адамның өлімші етіп сабағаны белгілі болды.

    Аталған факті «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

    Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталды. Яғни бірге тұратын екеудің арасындағы жанжал 13 ақпан сағат 19.00 шамасында туған. Ұрыстың арты төбелеске ұласып, 1968 жылы туған аудан орталығының тұрғыны өз үйінде 36 жастағы әйелді ұрған. Жарақат алған әйел дәрігерлерді шақырмай танысының үйінде екі тәулік жатып қалған. Жәбірленушінің анасы жүгінген соң ғана, полиция қызметкерлері медициналық көмекке мұқтаж әйелді анықтады. Ол аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

    20 ақпан күні жәбірленуші алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Осыған байланысты полиция қылмыстық істі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» бабы бойынша өзгертті.

    Күдікті ер адам ұсталып, Аққайың ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты «Қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қабылданды.



    қатысты посттар

    Кәсіпкерден сыйлыққа пәтер алған ана көз жасын тоқтата алмады

    Шымкент: Биыл Тұранда 88 көп қабатты үйдің құрылысы басталады

    Фариза

    Қостанай облысында туған жездесін бауыздап өлтірген боксшы қылмыстық жазаға тартылмады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.