16 C
Алматы
Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Ол – миллиардер»: Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі туралы тараған видеороликке жауап берді

    Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлының дүние-мүлкі туралы видеоролик кеңінен тарап кетті. Авторы жоқ бейнематериалда экс-министрдің жылжымайтын мүлкінің құны миллиардтармен есептеледі делінген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Алайда, А.Мұхамедиұлы аталған роликке қатысты көп күттірмей өз жауабын берді.

    «Достар, мұнда бір видео белсенді түрде таратылуда, маған оны бүгін 10 мәрте жіберді. Ауызына май, дегендей…

    Шамасы, жала жабу мен арандатулар әлі көп болатын сияқты: кезекті ақпараттық шабуыл қарқын алуда. Әдеттегідей, анонимді, жалған… Әр кезде ұмытпайтындарыңызға рақмет.

    Ал барлық достарымды Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Бірге болғандарыңыз үшін рақмет айтам», — делінген Арыстанбек Мұхамедиұлының Facebook-парақшасында.

    Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусым айына дейін Мәдениет және спорт министрі болған. Қазір ҚР Ұлттық музейінің директоры.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

    Фариза

    Қызылорда облысынан Ресейге қарбыз жөнелтілді

    Фариза

    Қызылорда: 146 ауылдық округтің өз бюджеті бар

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.