-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сағынтаевтың назарына: әкімдік қызметкерінің кісі өлтіргені рас па?

    Алматылық Ажар Әбдрешева күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматқа қатысты мәлімдеме жасады. Ол әлеуметтік желідегі бейнеүндеуінде әкім Бақытжан Сағынтаевтан жағдайды бақылауға алуды сұрады. Марқұмның жары күдікті Алматы қаласы әкімдігінде көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді. Ол осы оқиғаға қатысты тергеуге ықпал етіп отырған әкімдік қызметкерлері бар деп есептейді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy портадына сілтеме жасап.

    Оқиға биыл 22 ақпанда болған. Қаладағы үйлердің бірінің ауласында Кенже Байниязов есімді азамат жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған. Ажар Әбдрешеваның айтуынша, Алматы қаласы әкімдігінің бас есепшісінің жеке жүргізушісі осы оқиғадан бұрын жұмыстан шығарылды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

    «Оны (Кенже Байниязов – AR) өлтірген қала әкімдігінің жұмысшысы. Яғни, қала әкімдігінің бас есепшісін тасымалдаған көлік жүргізушісі. Қазір менің қолымдағы ақпарат бойынша, Сұлтан Үметәлиев оқиғадан бұрын жұмыстан шығып кеткен деген жалған құжат жасалған. Ол 2021 жылы 18 ақпанда жұмыстан шығарылған дегенге сенбеймін. Ал адам өлген күні ол оқиға орнына қызметтік көлікпен келген. Бұған дәлел бар. Демек 22 ақпан күні күдікті әкімдікте жұмыс істеп жүрген. Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтан қызметтік тексеру жүргізуді сұраймын. Үметәлиев психикалық ауруға ұшыраған деген анықтама алып алған, сондықтан жауапкершіліктен қашып кете ме деп алаңдаулымыз», — дейді Алматы қаласының тұрғыны өз үндеуінде.

    Марқұмның отбасында 6 жасар бүлдіршін және 11 айлық сәби қалған.

    Алматы қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті қаладағы ауруханалардың бірінде ем алып жатыр. Оны полиция (Алатау аудандық полиция басқармасының өкілдері) күзетіп тұр. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды, делінген ПД хабарламасында.

    Осы жағдайға байланысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында бұл істі жеке бақылауына алғанын жазды. Қалалық полиция департаментінің басшысы бұл оқиғаға қатысты арнайы брифинг өткізбекші.

    «Алматылық Ажар Әбдірешеваның өтінішімен оның жұбайын өлтіру дерегі бойынша істі жеке бақылауыма алдым. Күдікті қамауға алынды. Қалалық Полиция департаментінің басшысы Қ. Таймерденовке тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз етуді тапсырдым. Марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын», — делінген жазбада.

    «Алматы қаласы Шаруашылық басқармасы» ЖШС директоры Қ. Баяманов күдіктінің сол компанияда жүргізуші болып жұмыс істейтінін айтты.

    «А.Әбдірешеваның жұбайын өлтіргені туралы арыз-шағымы бойынша күдікті У. есімді азаматтың «Алматы қаласының Шаруашылық басқармасы» ЖШС-да жүргізуші болып жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол штатта тіркелген. Жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттеріне байланысты жұмыста жоқ», — делінген оның жауабында.

    қатысты посттар

    Денсаулық сақтау вице-министрі журналистерге жауап бере алмады — Смайылов

    Фариза

    Қармақшылық кәсіпкерге үш жылдан бері ала алмай жүрген 5 млн.теңгесі төленетін болды

    Фариза

    2022 жылы зейнетақы мен жалақы мөлшері қалай өседі?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.