11.1 C
Алматы
Суббота, 7 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мәдениет және спорт вице-министрі Мұсайбековтің ұсталғаны хабарланды

    Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деп хабарлады дереккөзге сүйенген ҚазТАГ агенттігі.

    «Мұсайбековті «антикор» (жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігі ред.) қызметкерлері ұстады. Ол қазір Алматыда тергеу амалдарына қатысып жатыр» деді дереккөзі агенттікке.

    Жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі әзірге ақпаратқа түсініктеме бермеді. Бұған дейін Телеграмдағы Yedilov арнасы да дереккөзге сүйене отырып, Мусайбековтің «жемқорлық күдігіне» ілінгенін жазған.

    Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Мұсайбеков спорт саласына жауапты болған.

    53 жастағы Сәкен Мұсайбеков 2020 жылдың мамыр айында мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалған. Оған дейін 2019 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы болған. Ол бұған дейін де – 2015 жылдың ақпан айы мен 2019 жылдың қаңтар айлары аралығында мәдениет және спорт вице-министрі болған. Премьер-министр сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «өтініш бойынша» қызметінен босаған.

    қатысты посттар

    Жаңа заң бойынша мүгедектігі бар адамға қандай жағдай жасалады

    Фариза

    Шымкент: 6 айда индустриялық аймақтардан 1,3 млрд теңге көлемінде салық түскен

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Екі ауданда 1240 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.