-6.1 C
Алматы
Среда, 18 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Сараптама

    Байқоңырда жоғалған баланың неден қайтыс болғаны анықталды

    Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып кеткен жеті жасар Ерхан Анастың өлімінің себебі аталды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ресей тергеу комитеті баланың денесі Байқоңырдан 500 метр қашықтағы Сырдария өзеніндегі қалқыма көпірден жоғары мұз жиегінде табылған.

    Оқушының денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Ол суға батып кеткен.

    «Сот-медициналық сараптама өлім себебі суға батуға байланысты механикалық асфиксия болғанын анықтады. Мәйітте басқа дене жарақаттары жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы деректер жоқ», — деп хабарлады құқық қорғау органдары.

    Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, сондай-ақ авиациялық техника, сүңгуірлер, Байқоңыр тұрғындары, еріктілер жұмылдырылған екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

    Айта кетейік, 20 ақпанда Байқоңырда «Маяк» спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін екі жеті жасар бала жоғалып кеткені хабарланған еді. Ресей тергеу комитеті екі жас баланың жоғалып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    Келесі күні Қызылорда облысы ТЖД балалардың бірі — жеті жасар Ерхан Анастың денесі Сырдария өзенінен табылғаны хабарланды. Екінші баланы іздестірумен ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

    қатысты посттар

    Дәлелдер жоқ: Ақтауда педофилияға қатысты іс жабылып тынды

    Фариза

    Вакцинациядан кейінгі иммунитет 2 жылға дейін сақталады – дәрігер

    Фариза

    433 млн теңгеге салынған мектеп құлайын деп тұр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.