-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Өскемендік блогер өңірдегі белгілі шенеуніктің өзіне қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын мәлімдеді

    Өскемендік блогер Александра Осипова жаңа жыл қарсаңында қаладағы мейрамханалардың бірінде төбелескен шенеуніктердің видеосын желідегі парақшасында жариялағаннан кейін, төбелеске қатысушы шенеунік — Арсен Тен оған қоқан-лоқы көрсеткен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы блогер инстаграм парақшасында мәлім етіп, аталған мәселеге көпшіліктің назар аударуын сұрап видеоүндеу жолдады.   

    «Мен өз парақшамда 2020 жылдың  26 желтоқсан күні Өскемен қаласындағы мейрамханада орын алған төбелестің видеосын жариялаған едім. Видеодағы адамдардың ешқайсысын танымаймын. Төбелескендердің қатарында бұған дейін екі рет сотталған, облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының жетекшісі Арсен Тен бар. Мен оның іс-әрекеттерін өз парақшамда жариялағаннан кейін, маған түрлі қоқан-лоққыларлар көрсетіле бастады. Ол адамның мінезін ескере отырып, өзімнің және отбасымның қауіпсіздігі үшін алаңдауыма толықтай негіз бар. Мен бұл жағдайға назар аударуларыңызды сұраймын. Егер, жақын уақытта менің тарапыма заңға сай емес әрекеттер қолданыла бастаса, аталған фактіні ескерулеріңізді өтінемін! Тергеушілерден аталған істің барынша әділ қаралуын сұраймын! Мен өз елімде Конституция және заң бойынша өмір сүргім келеді.  Өз балаларымды адекват емес адамдардан қорғағым келеді. Қолдауларыңыз бен түсіністік танытқандарыңызға рахмет»,- деді Александра. 

    Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Өскемендегі мейрамханалардың бірінде төбелескен мемлекеттік қызметкерлердің видеосы тарағанын жазған едік. 

    Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, төбелеске қатысқан мас шенеуніктер арасында облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы жетекшісі Арсен Тен (соққы жұмсаған), облыстық мәдениет бөлімінің басшысы Мирас Жұмағұлов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Ілияс Мұхамеджан мен әзірше аты-жөні белгісіз облыстық прокуратура қызметкерлерінің бірі бар.

    https://youtube.com/watch?v=a6pFLIBf6v8

    қатысты посттар

    Мектеп дәретханасында оқушыға вакцина салған кім?

    Фариза

    «Түріктер сияқты қолын сүйіп, құрмет көрсеттім»: Сүлейменшілер жамағатында болған қазақ қызы жайлы

    Фариза

    Балабақша меңгерушісі балаға ұрысып, жерді сүйгізді — видео

    Пікір қалдыру

    eight + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.