-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Қызылордада бесіктегі сәби тірідей жанып кетті

    Қызылордада жер үй өртеніп, бір жасар сәби көз жұмды. Бесікте жатқан бала тірідей жанып кеткен. Қайғылы оқиға 18 ақпанда түнгі бірлер шамасында облыс орталығындағы Кызылжарма шағынауданында болған. Отқа оранған баспанадан анасы мен төрт қызы шығып үлгеріпті. Ал 2019 жылы дүниеге келген шарананың не себепті іште қалып қойғаны әзірге белгісіз. Қазір тілсіз жаудың анық-қанығы мен неден тұтанғаны тексеріліп жатыр, деп хаабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

    Алматы іргесіндегі Тұздыбастау ауылында да түнде жер үй өртеніп кетті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Үй иесі мен әйелі және екі баласы аман қалған. Қазір қызыл жалынның неден шыққаны анықталып жатыр. Негізгі себеп – тоқтың тұйықталуы мүмкін деген жорамал бар.

    Ал, Өскеменде өрт шыққан тұрғын үйден 13 адамды құтқарушылар эвакуацияланды. Ыс тиген 12 жастағы жеткіншек ауруханаға жеткізілген, қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, дейді ақ халаттылар. Жалынның шығуына өрт қауіпсіздік талаптарының сақталмауы себеп болған.

    қатысты посттар

    БҚО-да полиция бастығының орынбасары мас күйінде көлік жүргізіп, адам өліміне себепкер болды

    Фариза

    «Апаттан қашқан халық коронавирустың апанына бара жатқан жоқ па?» Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 5400 адам коронавирустан қалай қорғанбақ?

    Фариза

    «Халқымның қаны төгілсе, қарап қалмаймын…» — Қайрат Нұртас

    Пікір қалдыру

    eighteen − six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.