Среда, 10 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда Горький саябағында студенттер жатақханасы салынады

    Алматыда Максим Горький атындағы орталық саябақта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері үшін жатақхана салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    Алматы әкімідігі осы мәселеге байланысты қала тұрғындарын қоғамдық тыңдауға шақырады.

    «1 наурыз таңғы сағат 10:00 кезінде Горький атындағы саябақта ашық жиналыс форматында қоғамдық тыңдау өтеді. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру қалалық жасыл экономика басқармасына жүктелген» деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

    Орталық саябақта 327 орынға арналған алты қабатты студенттер жатақханасы бой көтереді.

    Тапсырыс беруші — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

    Тұрғындар ескерту мен ұсыныстарын қоғамдық тыңдау өтетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей almansur_almaty@mail.ru электронды поштасына жолдауы керек.


    қатысты посттар

    Ақтөбеде үйде жалғыз қалған қыз баланы зорлап кеткен педофил сотталды

    Фариза

    Қызылордада 488 шақырым жол жөнделеді

    Фариза

    Жаңақорған ауданында дәріханаларға мониторинг жұмысы жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.